"Халықтық қатысу бюджеті" бойынша ақпарат

2020 жылдан бастап Қарағанды облысында «Халықтық бюджетке қатысу» жобасы шеңберінде 9 қалада (Балқаш қ., Жезқазған қ., Қарағанды қ., Қаражал қ., Приозерск қ., Сәтбаев қ., Саран қ., Теміртау қ. және Шахтинск қ.) жұмыс жүргізіледі, онда сараптамалық кеңестер құрылып, «Бюджет» жобасын ұйымдастыру туралы ережелер бекітілді.

2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жоба шеңберінде қаралған 30 жобаның ішінен сараптамалық кеңестер 103,2 млн. теңге сомаға 15 жобаны мақұлдады, олар 2021 жылға арналған қалалар бюджеттеріне енгізілді:

- Қарағанды қаласының Октябрь ауданы бойынша 9 жобаның ішінен жалпы сомасы 30,5 млн. теңгеге 7 жоба мақұлданды;

- Саран қаласы бойынша 4 жобаның 10 млн. теңгесі мақұлданды;

- Приозерск қаласы бойынша 2 жобаның 6,1 млн. теңгесі мақұлданды;

- Қаражал қаласы бойынша 4 жобаның ішінен 10 млн. теңге сомасына 2 жоба мақұлданды;

- Сәтбаев қаласы бойынша 5 млн. теңгеге 1 жоба мақұлданды;

- Теміртау қаласы бойынша 8 жобаның 23,6 млн. теңгесі мақұлданды;

- Шахтинск қаласы бойынша 2 жобаның 18 млн.теңгесі мақұлданды.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығымен бекітілген жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларына сәйкес жоғарыда аталған қалаларда тиісті елді мекендердің тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды жинау жүргізілді. Аталған кезеңде 29 жобалық ұсыныс түсті.

2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша жоба шеңберінде қаралған 29 жобаның ішінен сараптамалық кеңестер 2022 жылға арналған қалалар бюджеттерінің жобасына енгізілген жалпы сомасы 233,3 млн. теңгеге 18-ін мақұлдады:

- Қарағанды қаласының Әлихан Бөкейхан ауданы бойынша 5 жобадан жалпы сомасы 59,5 млн. теңгеге 5 жоба мақұлданды: (балалар алаңы (Мәметова көшесі 93 бойынша балалар ойын алаңын орнату) - 4,5 млн. теңге; балалар арманы (Пришахтинск секторы мешіт жанындағы гүлзарға балалар ойын кешенін орнату) – 20 млн. теңге; жарық болсын (балалар ойын алаңын орнату) Лихачев көшесі бойындағы Майқұдық секторын жарықтандыру тіректері) - 10 млн. теңге; шығыста балалар алаңын жасау 2 (Восток 2 Балалар ойын алаңын орнату 12 үй) - 5 млн. теңге; Футбол алаңы (спорт алаңы, Стахановская үйінің тұсындағы футбол алаңы 22,24 болып белгіленсін) – 20 млн.теңге.

- Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы бойынша 6 жобаның жалпы сомасы 10 млн. теңгеге 2 жоба мақұлданды: («Біздің ауыл мәдениет», «Көп қабатты тұрғын үйлердің ауласында стильдендірілген киіз үй-беседка дайындау және орнату», «Осевая көшесі мекенжайы бойынша іргелес аумақтарды көгалдандыру - 5 млн. теңге; «Баскетбол алаңы» Осевая көшесі мекенжайы бойынша - 5 млн. теңге)

– Балқаш қаласы бойынша 5 жобаның ішінен 126,7 млн. теңгеге 5 жоба мақұлданды: («Жастар» алаңын абаттандыру (сол қанат) – 27,9 млн. теңге; «Жастар» алаңын абаттандыру (оң қанат) – 27,9 млн. теңге; аялдама кешендерін орнату - 13,7 млн. теңге; «Самал» гүлзары-29,1 млн. теңге; Әлімжанов көшесі бойынша тротуарларды жайластыру - 28,1 млн. теңге).

- Саран қаласы бойынша 7 жобаның 10 млн. теңгесі мақұлданды: (Сұңқар саябағындағы стадион алдындағы баскетбол алаңын абаттандыру – 10 млн. теңге);

- Приозерск қаласы бойынша 7,1 млн. теңге сомасына 1 жоба мақұлданды: («ҚР Мемлекеттік Туын орнатумен демалыс алаңын жайластыру» - 7,1 млн. теңге);

- Қаражал қаласы бойынша 2 жобаның 10 млн. теңгесі мақұлданды: (Бәйеш батыр көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңдарын орнату - 5 млн. теңге; Тәуелсіздік көшесіндегі балаларға арналған ойын алаңдарын орнату - 5 млн. теңге);

- Сәтбаев қаласы бойынша 2 млн. теңгеге 2 жобаның 1 жобасы мақұлданды: (балалар ойын алаңын қайта құру - 2 млн. теңге);

- Теміртау қаласы бойынша 8 млн.теңге сомасына 1 жоба мақұлданды: (9 шағын аудан мекенжайы бойынша 5, 5а, 5б үйлерінің жанында балалар ойын алаңын орнату - 8 млн. теңге).

Дата публикации
12 июля 2021