Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі

Халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі дербес компьютерді, смартфонды, планшетті, ноутбукті; стандартты бағдарламаларды; интернет желісі арқылы қызметтер мен сервистерді пайдалану дағдыларын меңгерген пайдаланушылардың үлесін көрсетеді.

6-74 жастағы халықтың цифрлық сауаттылық деңгейі 83,2% - ды құрады, оның ішінде ауылдық жерлерде 79,1%. Облыс өңірлері бойынша жағдай мынадай.

Теміртау қаласы көш бастап тұр, онда цифрлық сауаттылық деңгейі 94,3% - ды құрады, одан әрі Шахтинск және Жезқазған қалалары тиісінше 84,4% және 84,2% - ды құрайды. Қарағанды қаласында цифрлық сауаттылық деңгейі 82,5%, Балқаш қаласында 81,4%, Саран және Сәтбаев қалаларында 81,2%, Приозерск қаласында 69,5%, Қаражал қаласында 65,5%.

Шет ауданында цифрлық сауаттылықты меңгерген халықтың үлесі 89,3% - ды, Нұра ауданында 87,1% - ды, Жаңаарқа ауданында 85,0% - ды, Қарқаралы ауданында 84,0% - ды, Осакаров ауданында 82,9% - ды, Абай ауданында 79,7% - ды, Ақтоғай ауданында 79,1% - ды, Бұқар Жырау ауданында 70,0% - ды, Ұлытау ауданында 57,2% - ды құрады.

Халықтың цифрлық сауаттылығының деңгейі
Дата публикации
15 января 2020