Осы санаттағы балалардың жалпы санындағы жазғы демалыс пен сауықтырудың ұйымдастырылған нысандарымен қамтылған өмірлік қиын жағдайда жүрген балалардың үлесі
Облыс аумағындағы 2021 жылғы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қала сыртындағы, мектеп жанындағы лагерьлер жұмыс істемеген. Жазғы демалыста Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында мектеп оқушыларын сауықтыру, бос уақытын өткізу және жұмыспен қамту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан балалары – жазды қуанышпен өткізейік!» тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асырылуда.
Тұжырымдамаға сай іс-шаралар жоспары құрылды, оның шеңберінде суреттер, өлеңдер, ән айту, бейне-конкурстар, акциялар, челлендждер, конференциялар, викториналар, кездесулер, шығармашылық конкурстар, онлайн-саяхаттар және т.б. конкурстар онлайн және оффлайн форматта өткізілуде.