Тұрақты жолаушылар маршруттарында тозған автобустар үлесінің қысқаруы
Қазіргі уақытта біздің облыс аумағында тұрақты автобус маршруттарында жылжымалы құрамның жалпы саны 1590 бірлікті құрайтын 55 тасымалдаушы жұмыс істейді.
Автомобиль көлігімен қалалық жолаушылар тасымалын дамыту және көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында облыс (Қарағанды, Теміртау қалалары) тасымалдаушылары өткен жылы 200-ден астам жаңа автобус сатып алуды жоспарлады.
Алайда, короновирустық инфекцияның таралуына және қабылданған шектеу шараларына байланысты республика бойынша жолаушылар ағыны 2,5 – 3 есеге, тиісінше тасымалдаушылардың кірістеріне де төмендеді. Сондықтан автобустарды сатып алу рәсімі бірнеше кезеңге бөлінді.
Автобустарды жаңарту ағымдағы жылы да жалғасатын болады (Қарағанды қ. – 60 автобус, Теміртау қ. – 75).