Әлеуметтік әріптестік жөніндегі облыстық үшжақты комиссия отырысы

2021 жылғы 24 маусымда Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Е.А. Алпысовтың төрағалығымен Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) кезекті отырысы өтті.

Комиссия отырысына облыстық үшжақты комиссия мүшелері, өңірлік үшжақты комиссия төрағалары мен шақырылғандар қатысты.

Отырыс барысында тараптармен келесі мәселелер қаралды: «Облыстың тау-кен металлургия саласының кәсіпорындарында, оның ішінде кәсіптік ауруды белгілеуге қызметкерлердің құқықтарын бұзу жағдайы туралы».

2020 жылдың маусым айында "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" ҚР жаңа Кодексінің қолданысқа енгізілуіне байланысты және " Инфекциялық, паразиттік аурулар және (немесе) улану оқиғаларын, иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністерді тіркеу және тергеп-тексеру, есепке алу мен есептілігін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" ҚР ДСМ бұйрығымен 2020 жылғы қарашадан бастап еңбек жағдайларының санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларын ресімдеу тоқтатылды.

Нәтижесінде ұзақ уақыт бойы зиянды факторлардың әсерінен денсаулығын жоғалтқан жұмысшылар кәсіптік ауру туралы құжаттарды рәсімдеу мүмкіндігінен айырылды.

Нормативтік құжатты әзірлеуге облыстың мүдделі атқарушы билік органдарының, Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының өкілдері және облыстың ірі компанияларының жұмыс берушілері белсене қатысты.

ҚР Кәсіподақтар Федерациясының қатысуымен Қазақстан Республикасының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамаларды ресімдеу тәртібін реттейтін нормативтік құжаттарына толықтырулар енгізу мақсатында Қарағанды облысының Кәсіподақ орталығының бастамасымен құрылған кеңейтілген форматтағы жұмыс тобының отырысы өтті.

Ағымдағы жылдың мамыр айында Комитеттің аумақтық бөлімшелері жұмыс беруші ұсынған мәліметтер негізінде еңбек жағдайлары бойынша санитариялық-эпидемиологиялық сипаттамаларды ресімдеп береді деген шешім қабылданды.

Қазіргі таңда "ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" тиісті бұйрық дайындалды, ол ҚР-да көзделген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау процесін сақтай отырып қабылданатын болады.

Қарағанды облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ақпаратына сәйкес аумақтық басқармалар жұмыскердің тіркелген жері бойынша Медициналық ұйым хатының негізінде жұмыс берушіге науқастанған адамның еңбек жағдайлары туралы ақпарат беру үшін сұрау жолданды және алынған ақпараттың негізінде санитариялық-эпидемиологиялық сипаттаманы ресімдейді және өтініш берушіге ұсынады.

Отырыс қорытындысы бойынша жұмыс берушілер бірлестіктеріне және кәсіпорындардың жұмыс берушілеріне пәрменді шаралар қабылдау тапсырылды, оның ішінде: еңбек қызметінің нәтижесінде денсаулығынан айырылған кәсіпорындардың қызметкерлеріне кәсіптік ауруды анықтау бойынша медициналық сараптамадан өту үшін құжаттарды уақтылы ресімдеуге жәрдем көрсету; жұмыс орындарына аттестатта жүргізу нәтижелері бойынша белгіленген еңбек жағдайларының зиянды факторларының қызметкердің денсаулығына әсері туралы дұрыс және толық ақпаратты санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне ұсынуға жауапты адамдар үшін дербес жауапкершілік айқындауды.

ОҮК жұмыс тобы

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
25 июня 2021