Ү.ж. 16 маусымында облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Г.Кабдыкаримова облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасында семинар өткізді, оған басқарма басшысы К.Камзин және мекеменің мемлекеттік қызметшілері қатысты. Мемлекеттік қызметшілерге арналған ұсыныстар мен жадынамалар талқыланды. Мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманы және Әдеп кодексін бұзуға жол бермеу және алдын алу мақсатында әр түрлі жағдайларда мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлқы мысалдары келтірілген.
