Бұқаралық ақпарат құралдары

Қарағанды облысында 204 БАҚ (37 мемлекеттік, 167 жеке меншік) тіркелген.

204 БАҚ-тан: 41 бұқаралық ақпарат құралы – электрондық (қолданыстағы БАҚ – 34), баспа бұқаралық ақпарат құралы – 154 (қолданыстағы БАҚ – 129), ақпараттық агенттіктер - 8, желілік басылым-1.

Баспа БАҚ-тарының жалпы санынан (газеттер - 99, журналдар – 55) Қарағанды қаласында 92 басылым тіркелген, Жезқазған қаласында – 12, Сәтбаев қаласында – 5, Балқаш қаласында - 6, Теміртау қаласында – 20, Шахтинск қаласында - 1, Саран қаласында – 3, Приозерск қаласында – 2, Қаражал қаласында - 1, Абай ауданында - 2, Қарқаралы ауданында - 1, Нұра ауданында - 1, Бұқар жырау ауданында - 2, Шет ауданында - 2, Жаңаарқа ауданында – 1, Ақтоғай ауданында - 1, Ұлытау ауданында - 1, Осакаров ауданында – 1 басылым тіркелген.

Облыста қоғамдық-саяси тақырыптық бағыттағы 46 БАҚ тіркелген (31 баспа басылымы, 10 телеарна, 5 ақпараттық агенттік), ақпараттық басылым – 89, жарнамалық басылым – 30, діни басылым - 7, жастар мен балалар басылымы – 8, ғылыми басылымдар - 24.

Электрондық БАҚ қатарына 13 телеарна (Қарағанды қ. – 4, Теміртау қ. – 3, Балқаш қ. - 2, Жезқазған қ. -2, Сәтпаев қ. - 2), 21 кабельдік теледидар операторы, 7 радиокомпания жатады.

Дата публикации
11 января 2021