2020 жылғы 18 қыркүйекте Қарағанды облысы ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының мемлекеттік қызметтер көрсетуді бақылау бөлімінің басшысы Жапарова Зада Сагиндыковнаның төрағалығымен Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы орынбасарының, Қарағанды қаласының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері басшыларының, Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы аудан әкімі аппаратының АХАТ, Қарағанды қаласының Октябрь ауданы әкімі аппаратының АХАТ басшыларының, «Қарағанды қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ директорының, Қарағанды облысының «ҰАТ» АҚ АТОО директорының қатысуымен бейне-селектор режимінде халықты жұмыспен қамту және азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша өзекті мәселелер жөнінде кеңес өткізілді. Кеңес барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша бірқатар өзекті мәселелер қаралды.