
Ақпараттық хабарлама
2026 жылғы 13 қазанда сағат 18.00-де Қазақстан Республикасының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын облыста ұйымдастырып, өткізу бойынша Қарағанды аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыста Мемлекет басшысының 2026 жылдың 12 қазандағы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ағымдағы жылдың 29 қарашасына белгіленуі, осыған байланысты сайлау науқанын ұйымдастыруға қатысты біршама мәселелер қарастырылды.
Қарағанды облысының мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың үлгі күнтізбелік жоспары, округтік сайлау комиссияларының жұмыс режимі сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, түскі үзіліссіз белгілеу туралы шешімдер қабылданды
Жалпы 14 қазаннан бастап, бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша депутаттыққа кандидаттарды, сондай-ақ Қарағанды облыстық мәслихатына партиялық тізімдерді ұсыну басталады.
Кандидаттарды ұсыну 27 қазан сағат 18:00-ге дейін жалғасады, кандидаттарды тіркеу ағымдағы жылдың 1 қарашасы сағат 18:00-де аяқталады.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңі 1 қараша сағат 18:00-ден кейін басталып, 28 қараша сағат 00:00-де аяқталады.
Қарағанды облысында сайлауды дайындау және өткізу аясында құрамында 5 383 мүшесі бар 843 сайлау комиссиясы жұмыс істейтін болады.
Облыс мәслихаттарында барлығы 214 депутаттық мандат көзделген, оның ішінде 36 мандат Қарағанды облыстық мәслихатына тиесілі.
Тиісті аумақтық сайлау комиссиялары 196 бірмандаттық сайлау округін құрды. Оның ішінде 18 округ Қарағанды облыстық мәслихаты депутаттарын, 94 округ қалалық мәслихаттар депутаттарын және 84 округ аудандық мәслихаттар депутаттарын сайлауға арналған.