2026 жылғы 28 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысы бойынша МҚІА департаменті мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Қ.Ақбаровпен бірлесіп Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Басқарма қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызмет туралы» жаңа заң жобасы туралы, мемлекеттік қызметшілердің еңбек, атқарушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стильді сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Мемлекеттік қызметшілерге коммерциялық қызметтен, казино ставкаларынан және спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға, ҚР-да лудоманиямен күресті күшейтуге, қызметтік автокөлікті мақсатына сай және жұмыс уақытында пайдалануға және басқа да көптеген мәселелерге тыйым салу бойынша түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы А.Қ.Сұлтанғали қатысты.
