Шет ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен семинар

2026 жылдың 30 сәуірінде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Шет ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында екінші семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге Еңбек және атқарушылық тәртіпті сақтау, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стильді сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу жөнінде түсініктемелер берілді. Коммерциялық қызметтен, казино ставкаларынан және спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға, жеке мәселелерді шешу үшін қызмет бабын пайдалануға тыйым салу және т.б. мәселелер бойынша түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Мемлекеттік қызметшілердің жол берілген теріс қылықтары мен қылмыстық құқық бұзушылықтары талқыланды, олар үшін құқықтық жауапкершілік көзделгені айтылды.

 

Дата публикации
01 июля 2026