Облыс әкімі аппаратының жаңадан қабылданған бас инспекторы Е.Е.Нуксуевпен түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 12 мамырда Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ. Бекімова Қарағанды облысы әкімі аппаратының әлеуметтік сала және қоғамдық даму бөлімінің жаңадан қабылданған бас инспекторы Е. Е. Нүксуевпен жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік қызметшілердің еңбек, атқарушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стилін сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу, лауазымдық міндеттерін атқару кезінде Әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын қатаң сақтау қажеттігі туралы түсініктемелер берілді.

 

Дата публикации
29 мая 2026