2026 жылдың 29 сәуірінде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Мичурин ауылдық округі әкімдігінің қызметкерлерімен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында семинар өткізді. Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стилін сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Діни қатынастар мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салу, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейту, қызметтік көлікті мақсатына қарай және жұмыс уақытында қатаң пайдалану бойынша және т.б. түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Семинарға ауылдық округ әкімі Е.Ө.Баймағамбетов қатысты.
