Шет ауданы әкімдігінде семинар

2026 жылғы 30 сәуірде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Шет ауданының бөлім басшыларымен мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбында көшпелі семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге діни мәселелер бойынша, мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стильді сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Коммерциялық қызметтен, казино ставкаларынан және спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға, қызметтік көлікті мақсатына және жұмыс уақытында қатаң пайдалануға тыйым салу бойынша және т.б. мәселелер бойынша түсіндірулерге ерекше назар аударылды.
Мемлекеттік қызметшілердің жол берілген теріс қылықтары мен қылмыстық құқық бұзушылықтары талқыланды, олар үшін құқықтық жауапкершілік көзделгені айтылды.

 

Дата публикации
29 мая 2026