Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Қ.Нұратовпен түсіндіру жұмыстары

2026 жылғы 27 сәуірде Қарағанды облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова жаңадан тағайындалған Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Н.Қ.Нұратовпен лауазымдық міндеттерін атқару кезінде Әдеп кодексінің және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың нормаларын сақтау бойынша жеке түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқарманың жаңа басшысының жаттықтырушылық жұмыс тәжірибесі мол, ұзақ уақыт бойы түрлі спорттық ұйымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеген.

 

Дата публикации
29 мая 2026