Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидаларын, түрлерін және мерзімдерін,
сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы», «Құқықтық актілер туралы» заңдарына сәйкес Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қарағанды облысында құқық бұзушылық профилактикасына қатысатын азаматтарды көтермелеу қағидалары, түрлері және мерзімдері, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақы мөлшерін осы қаулыға қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қарағанды облысы әкімдігінің 2019 жылғы 22 қаңтардағы №04/02 «Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлерін және тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5166 болып тіркелген), 2026 жылғы 17 наурыздағы №18/03 «Қарағанды облысында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу түрлерін және тәртібін, сондай-ақ ақшалай сыйақы мөлшерін айқындау туралы» қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев