Қарағанды облысының дін істері басқармасында семинар
2026 жылғы 23 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының дін істері басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Мемлекеттік қызметшілерге қызметтік әдеп стандарттары түсіндірілді, ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастарды нығайтуға, еңбек, орындаушылық тәртіпті сақтауға, қосымша табыс алу үшін онлайн-офлайн казиноларға ставкалар қоюға және спортқа ставкалар қоюға тыйым салуға және мемлекеттік қызметшілер арасында ойынға тәуелділікпен күресті күшейтуге, жұмыста және тұрмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қызметтік автомашиналардың мақсаты бойынша пайдалану және басқа мәселелерге ерекше назар аударылды. Семинарға Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Ж.А. Сектай қатысты.
