Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында семинар

2026 жылғы 16 сәуірде облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Қ.Бекімова Қарағанды облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында семинар өткізді. Басқарма қызметкерлеріне мемлекеттік қызметшілердің еңбек, орындаушылық тәртібі мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау, киімдегі іскерлік стилін сақтау, тұрмыста және жұмыста әкімшілік құқық бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігі туралы түсініктемелер берілді. Діни қатынастар мәселелері бойынша, мемлекеттік қызметшілерге казино ставкалары мен спорт ставкаларынан қосымша табыс алуға тыйым салу, ҚР-да ойынға тәуелділікпен (лудоманиямен) күресті күшейту, қызметтік көлікті мақсатына қарай және жұмыс уақытында қатаң пайдалану бойынша және т.б. түсіндірулерге ерекше назар аударылды. Семинарға басқарма басшысы С.Мұратұлы қатысты.

 

Дата публикации
21 апреля 2026