
Сипаттама
«QazTehna» ЖШС — Қарағанды облысы Саран қаласының өнеркәсіптік аймағында орналасқан заманауи машина жасау кәсіпорны. Компания автобус және коммерциялық техника өндіруге маманданған және аймақтың негізгі өнеркәсіптік жобаларының бірі болып табылады.

Өндіріс
Зауыт техниканы өнеркәсіптік жинаудың толық циклін, соның ішінде дәнекерлеу, бояу және жинауды жүзеге асырады. Өндірістік қуаттылық бұрынғы резинотехникалық бұйымдар зауытының жаңартылған аумақтары негізінде құрылды.
Дамудың негізгі кезеңдері:
2020 жыл — автобустарды ірі түйінді жинау цехын іске қосу;
2021 жыл — ұсақ түйінді жинау цехын іске қосу;
2023 жыл — коммерциялық техника өндірісін бастау (жүк көліктері);
2024 жыл — жүк көліктерінің кабиналарын дәнекерлеу желісін іске қосу.
Кәсіпорында автобус техникасы, сондай-ақ жүк көліктерін қоса алғанда, коммерциялық көліктер шығарылады.
Өндірістік қуаттылық
Жылына 1200 автобусқа дейін және жылына 10000 дана коммерциялық техникаға дейін.

Жұмысшылар саны
900 адам.
Байланыс ақпараты
Мекен-жайы: Қарағанды облысы, Саран қаласы, 046-шы есептік тоқсан, 329-шы ғимарат.
Телефон: 8 (7212) 955 955.
Қосымша: +7 (7212) 955 573
Электрондық пошта: info@qaztehna.kz

Компанияның ресми сайты
https://qaztehna.kz
Артқа қайту
https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/activities/39718?parentId=39682&lang=ru