
«Руми-эн» ЖШС — Қазақстандағы шұлық-байпақ бұйымдарын өндіретін кәсіпорын, 1997 жылы Қарағанды шұлық-байпақ фабрикасы негізінде құрылған. Өндірістік үй-жайлар мен әкімшілік ғимараттар бұрынғы фабрика аумағында орналасқан. Кәсіпорын отандық нарықта шұлық-байпақ бұйымдарын өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады, жылдар бойы қалыптасқан сапаның үздік дәстүрлерін сақтап қалды. 2013 жылы өнім сапасы «Жылдың үздік тауары» халықтық сапа белгісімен марапатталды.
Кәсіпорын шұлық-байпақ бұйымдарының кең ассортиментін шығарады: ерлерге, әйелдерге және балаларға арналған шұлықтар, әйелдерге, жасөспірімдерге және балаларға арналған колготкалар, чулоктар және жартылай чулоктар, лосины. Жыл сайын әртүрлі түстер мен өлшемдердегі, әртүрлі тоқу үлгілері мен суреттері бар шамамен 50 артикул бұйым шығарылады. Өндірісте LONATI, UNIPLET, AUTOTEX, PFAFF, YAMATO компанияларының итальяндық, чех және жапон жабдықтары, сондай-аа Ресей, Чехия және Италия өндірісіндегі тоқыма автоматтары қолданылады. Кіріс шикізат пен шығарылатын өнім сапасын тексеруге арналған меншікті зертхана бар. Бұйымдар отандық өндірістің шикізатынан, сондай-аа Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия және Қытай шикізаттарынан жасалып, нормативтік-техникалық құжаттама талаптарына сәйкес келеді. Кәсіпорын қызметкерлерді оқытуды қамтамасыз етеді және шәкірттерді жұмысқа қабылдайды.

3 млн жұп/жыл
30 адам

Мекен-жайы: Қарағанды қ., Бирюзова көш., 11
Телефондар: 8 (7212) 310 984, +7 701 724 05 38