
Сипаттама
«Қазэнергомаш» Корпорациясы» ЖШС — Қарағанды облысы Теміртау қаласында орналасқан, энергетикалық жабдықтар өндіруге маманданған өнеркәсіптік кәсіпорын. Компания Қазақстанның жылу электр орталықтарының (ЖЭО), мемлекеттік аудандық электр станцияларының (МАЭС), сондай-ақ шағын энергетика нысандарының қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

Өндіріс
Кәсіпорын жоғары қысымды бу құбырларының элементтерін және қолданыстағы стандарттар мен техникалық регламенттерге сәйкес келетін басқа да энергетикалық жабдықтарды қамтитын өнімдердің кең ассортиментін шығарады.
Компания құрылымына өнім сапасын тексерудің толық циклін, соның ішінде ультрадыбыстық бақылау, механикалық сынақтар мен спектрлік талдауды қамтамасыз ететін техникалық бақылау қызметтері мен мамандандырылған зертхана кіреді.
Компания өнім сапасына, серіктестік қарым-қатынастарды дамытуға және заманауи өндіріс технологияларын енгізуге ерекше назар аударады.

Өндірістік қуаты
Жылына 2 мың тоннаға дейін жоғары қысымды бу құбырларының бөлшектерін.

Жұмысшылар саны
125 адам.
Байланыс
Мекен-жайы: Теміртау қ., Мичурин көш., 4.
Телефон: +7 (7213) 996 225.
Электрондық пошта: info@kazenergomash.kz