САЙЛАУ АЛДЫНДАҒЫ ҮГIТ
Сайлау алдындағы үгiт – сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет («Сайлау туралы» Конституциялық заң)
Сайлау алдындағы үгіттің басталуы: 18 ақпан 2023 жыл, сағат 18.00
Сайлау алдындағы үгіттің аяқталуы: 18 наурыз 2023 жыл, сағат 00.00
Сайлау алдындағы үгіт төрт негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:
БАҚ арқылы;
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу арқылы;
баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және тарату жолы арқылы;
онлайн-платформалар арқылы.
Конституциялық заңға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезінде мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік береді.
БАҚ-тағы материалдар сайлау алдындағы үгіт деп
Сайлау алдындағы үгіт шарттары
Үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынуға тиіс:
Эфир мен баспа алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді 14 ақпан 2023 жылға дейін
Сайлау алдындағы үгітті қаржыландыру
Кандидаттар сайлау алдындағы үгітті қаржыландыруды мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржыландыру (сайлау қорлары) арқылы жүзеге асырады.
Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуіне қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді: теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) - он бес минут; радиода - он минут; мерзімді баспа басылымдарында немесе желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялау. Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемі 5400 см қағаз бетті түсіну керек. Көлемі 0,1 баспа табақ 540 см 2 көлемге тең болады, яғни форматы А-2 газет бетінің 1/4 құрайды.
Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.
Дәстүрлі БАҚ үгіт материалдарын бюджет қаражаты мен сайлау қорларының қаражаты есебінен жариялай алады.
Ал онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын кандидаттардың сайлау қорларының қаражаты есебінен ғана орналастырады.
Материалдарды жариялау шарттары
Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді
Онлайн-платформаларды пайдаланушылар тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақпарат көлемін ұсынады.
Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық жасамауға тиіс.
Эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру үшін негіз болып табылады:
Кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыруға берген келісім басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім беру болып табылады
Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығу кезектілігі жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен не егер жолданымдар бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспа басылымының таралымы барлық кандидаттар үшін тең болуға тиіс.
БАҚ редакциясы кандидаттардың эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру және өзге де үгіт материалдарын беру кестесін белгілейді.
Кандидаттардың үгіт материалдарын шығару күні мен уақыты көрсетілетін кестенің көшірмесі кандидат өтініш берген күннен бастап үш күн ішінде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Телерадио хабарларын тарату субъектілерінің кез келген үгіт материалдарын жаңалықтар, сараптамалық бағдарламаларда таратуына тыйым салынады.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі
Сайлау туралы Заңға сәйкес үгіт-насихат кезеңінде кандидаттарға төмендегілерді ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат етіледі:
митингілер
шерулер
демонстрациялар
өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар
Пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны, сондай-ақ демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізуге келісуді алу туралы өтінішті беру тәртібін «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚРЗ регламенттейді.
Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау комиссиялары ЖАО және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, кандидаттардың сайлаушылармен бөлінген үй-жайда кездесу кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуға жол берілетінін есте ұстаған жөн.
Сондай-ақ тиісті сайлау комиссияларын ұйымдастыруға құқылы сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу жария іс-шара болып табылады.
Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған кандидаттар, саяси партиялар Орталық сайлау комиссиясы ұйымдастыратын сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатысуға құқылы.
Мәслихаттар депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар, сондай-ақ бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тиісті аумақтық сайлау комиссияларын ұйымдастыруға құқылы сайлау алдындағы пікірсайыстарға қатыса алады.
Үгіт материалдары
Сайлау туралы Заңға сәйкес барлық үгіт-насихат материалдарында келесі мәліметтер (таңбалау) болуы керек:
ӘҚБтК-нің 113-бабына сәйкес осы норманы бұзу 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт баспа материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарды таратуға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады.
Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.
Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады:
1) мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, сондай-ақ олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарына;
2) әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және соттарға;
3) сайлау комиссияларының мүшелеріне;
4) діни бірлестіктерге;
«ҚР сайлау туралы» КЗ 27-бабы 4 т.
ӘҚБтК-нің 122-б. сәйкес «ҚР сайлау туралы» КЗ 27 б. 4 т. бұзу жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Тыйым салынған сайлау алдындағы үгіт
Тыйым салынған сайлау алдындағы үгіт – сайлаушыларға тауарларды, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдік шарттармен беру, сондай - ақ лотереяларды, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не оларды беруге уәде беру т.б. өткізу.
Тыйым салынған үгітті өткізуге болмайды!
ӘҚБтК-нің 122-б, 2т. сәйкес осы норманы бұзу 20 АЕК мөлшерінде АЕК салуға әкеп соғады. Кандидаттар үшін-кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою («Сайлау туралы» КЗ 59-бабы 3 т.
Сайлау жарияланған сәттен бастап кандидаттарға, олардың атынан немесе оларды қолдау үшін кез келген жеке және заңды тұлғаларға ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.
«Сайлау туралы» КЗ 27-бабы 9 т.
Сайлау күні және оның қарсаныңдағы күні кез келген сайлау алдындағы угіт-насихатқа тыйым салынады:
Әлеуметтік сауалнамалар
Қоғамдық пікірге сауал салуды Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңнамасына сәйкес тіркелген, қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу бойынша кемінде бес жыл тәжірибесі бар заңды тұлғалар тиісті құжаттардың көшірмелерін қоса беріп, бұл туралы Ортсайлаукомға жазбаша түрде алдын ала хабардар ете отырып, жүргізуге құқылы.
! ОСК-на жіберілетін хабарламада сауал салуды жүргізуге қатысатын және осы салада жұмыс тәжірибесі бар мамандар туралы, қоғамдық пікірге сауал салу жүргізілетін өңірлер туралы, қолданылатын талдау әдістері туралы мәліметтер көрсетіледі.
«Сайлау туралы» КЗ 28-бабы 9 т.
! Сайлауға байланысты қоғамдық пікірге сауал салу нәтижелерін жариялаған кезде бұқаралық ақпарат құралдарымен онлайн-платформа қолданушылары төмендегі мәліметтерді көрсетуге міндетті:
ӘҚБтК-нің 120 б. 3 т. сәйкес ҚР сайлау заңнамасының талаптарын сақтамай қоғамдық пікірге сауал салуды жүргізу жеке тұлғаларға - 15 АЕК, заңды тұлғаларға-30 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады