Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Сайлау комиссиясына ұсыну қорытындылары бойынша ұсынылатын құжаттардың тізбесі
  1. Саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдерді тіркеуді тиісті аумақтық сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар өз қаражаттарынан жергілікті атқарушы органдардың шотына партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді.

Тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан да көп пайызын алған саяси партиялар тиісті аумақтық сайлау округі бойынша сайлау жарнасын төлемейді.

Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының үштен беске дейінгі пайызын алған саяси партия осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің елу пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Тиісті аумақтық сайлау округі бойынша тиісті мәслихат депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бірден үшке дейінгі пайызын алған саяси партия осы тармақтың екінші бөлігінде белгіленген сайлау жарнасы мөлшерінің жетпіс пайызы мөлшерінде сайлау жарнасын төлейді.

Сайлау қорытындылары бойынша саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаған жағдайларда, сондай-ақ партиялық тізімге енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна саяси партияға қайтарылады. Қалған барлық жағдайда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

1-1. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тіркеуді округтік сайлау комиссиялары жүзеге асырады.

Мәслихат депутаттығына кандидат тіркелгенге дейін және оның Конституциямен және осы Конституциялық заңмен қойылатын талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін жергілікті атқарушы органдардың шотына депозит ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ең төмен жалақының бес еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Енгізілген жарна, егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат мәслихат депутаты болып сайланса немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының кемінде бес пайызын жинаса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне айналдырылады.

  1. Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) тiркеуге дейiн тұрғылықты жерiндегі мемлекеттік кіріс органдарына осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленген ұсыну мерзiмi басталатын айдың бiрiншi күнiне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органы белгiлеген тәртіппен және нысанда ұсынады.

Кандидат пен оның зайыбы (жұбайы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәлiметтердiң анықтығын мемлекеттік кіріс органдары кандидатты тiркеген күннен бастап он бес күн iшiнде тексередi.

Бұл ретте мемлекеттік кіріс органдарының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтерді ұсыну жөніндегі талаптарын алған ұйымдар сұратылған ақпаратты талап алынған күннен бастап төрт күн iшiнде ұсынуға міндетті.

  1. Партиялық тізімдерді тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүргізіледі:

1) саяси партияның тиісті филиалы (өкілдігі) жоғары басқару органы отырысының уәкiлеттi органда саяси партияны тiркеу туралы құжаттың көшiрмесi қоса берілген партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан үзiндi көшiрме;

2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзуге келiсiм беру туралы өтiнiшi;

3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер;

4) саяси партияның сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат;

5) мемлекеттік кіріс органының кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғандығы туралы анықтамалары;

6) партиялық тізімге енгізілген адамның осы тізімді ұсынған саяси партиядағы мүшелігін растайтын құжат.

3-1. Саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен, олардың құрылымдық бөлімшелерінен (филиалдары мен өкілдіктерінен) кандидатты тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) құрылымдық бөлімшелердің (филиалдар мен өкілдіктердің) ұсыну құқығын растайтын жарғыдан үзінді көшірмені, саяси партияны, қоғамдық бірлестікті Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркеу, құрылымдық бөлімшелерді (филиалдар мен өкілдіктерді) аумақтық әділет органдарында есептік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) жоғары басшы органының тиісті сайлау округі бойынша кандидатты ұсыну жөніндегі хаттамасынан үзінді көшірме;

2) азаматтың өзін ұсынған саяси партиядан, қоғамдық бірлестіктен осы сайлау округі бойынша депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі туралы өтініші;

3) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

4) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

5) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Кандидат өзін-өзі ұсынған жағдайда оны тіркеу мынадай құжаттар болған кезде жүзеге асырылады:

1) осы сайлау округі бойынша кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш;

2) кандидат туралы өмірбаяндық деректер;

3) кандидат пен оның зайыбының (жұбайының) активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды тапсырғаны туралы мемлекеттік кірістер органының анықтамасы;

4) кандидаттың сайлау жарнасын енгізгенін растайтын құжат.

Мәслихат депутаттығына кандидаттардың кез келген санын тіркеуге жол беріледі.

  1. Аумақтық сайлау округі бойынша бір саяси партиядан бір ғана тізімді тіркеуге жол беріледі, онда әйелдер мен жастардың саны жиынтығында, оған енгізілген адамдардың жалпы санының кемінде отыз пайызын құрауға тиіс.
  2. Тиісті сайлау комиссиясы мәслихат депутаттығына партиялық тiзiмдерді және кандидаттарды тiркеу туралы хаттама жасайды, ол бес күн мерзімде жоғары тұрған немесе аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылады.

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі N 2464 Конституциялық заңы
104-бап. Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды тiркеу

Документы
Новости
Полезные материалы
Сайлау комиссиясына ұсыну қорытындылары бойынша ұсынылатын құжаттардың тізбесі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы