Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Қарағанды облысының электрондық әкімдігі

Қарағанды облысының электрондық әкімдігі
(Қарағанды облысы әкімдігінің бірыңғай кешенді жүйесі)

 

Қарағанды облысы әкімдігінің бірыңғай кешенді жүйесі аймақты басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану негізінде халыққа және бизнес-құрылымдарға мемлекеттік және өзге де қызметтерді ұсыну, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігін арттыру және осы саладағы шығыстарды оңтайландыру үшін құрылған.

БКЖ модульдік принцип бойынша құрылған. Мұндай құру принципі БКЖ-нің жекелеген компоненттерін де, олардың комбинацияларын да пайдалануға мүмкіндік береді. Бірақ пайдаланудың максималды әсері ұйым қызметінің барлық операциялары бірыңғай ақпараттық ортада орындалған кезде қол жеткілікті болады.

Жүйенің барлық функциялары өзара байланысты және ұйым қызметінің логикалық циклін қолдайды. Бұл көп компонентті жүйе, бірақ бұл ақпаратты енгізудің бірыңғай нүктесі; ақпаратты өңдеудің бірыңғай орталығы және ұйымның қызметі туралы ақпаратты алудың бірыңғай көзі. БКЖ жүйесінің артықшылығы негізгі серверге (Серверлік орталық) жақын орналасқан, сондай-ақ қашықтан да жүйенің ішінде 128 кбит/сек жылдамдықпен жұмыс істейтін БКО байланыс арналарын пайдалана отырып деректермен алмасуды жедел және тиімді қамтамасыз етуге және деректердің де, бағдарламалардың да өзектілігін қолдауға мүмкіндік беретін репликациялар жүйесін құру және серверлер арасында деректерді өңдеуді бөлу деп санауға болады.

БКЖ-нің құрамына келесі автоматтандырылған ақпараттық жүйелер кіреді:

  1. Log Book электрондық құжат айналымының жүйесі ААЖ, Электрондық құжаттар мұрағаты;
  2. Әкімдіктің қызметін жоспарлау және басқару ААЖ;
  3. Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру (Сайлау) ААЖ, Сайлау учаскелерін есепке алу;
  4. Жалдау шарттарын есепке алу ААЖ;
  5. Коммуналдық меншікті есепке алу ААЖ;
  6. Жергілікті бюджеттер орындалуының қаржы мониторингі (Қаржы үйі) ААЖ;
  7. Персоналды басқару жүйесі ААЖ;
  8. Аймақтық болжам картасы ААЖ;
  9. Әлеуметтік-маңызды халық тұтынатын тауарлар бағаларының мониторингі (ХТТ) ААЖ;
  10. Облыстың бірыңғай диспетчерлік қызметі ААЖ;
  11. Облыс әкімінің аналитикалық жүйесі ААЖ;
  12. Жер учаскелерін есепке алу ААЖ;
  13. Сервер орталығының қызметтері мен қосымшалардың базалық кешені ААЖ (қосалқы жүйе);
  14. Бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратты сақтау және өзектендіру жүйесі ААЖ (қосалқы жүйе).

Жүйенің құрамы жаңа компоненттермен салыстырмалы түрде оңай толықтырылуы мүмкін, егер олар жүйені құрудың негізгі принциптеріне сәйкес келсе.

БКЖ ISO 9000 стандарттарына сәйкес АТ саласында жұмысты ұйымдастыру бойынша ITIL халықаралық кітапханасының негізгі талаптарына жауап береді.

БКЖ «Ақпараттық технология. Ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету әдістері мен құралдары. Талаптар» СТ ISO/IEC 27001-2015 талаптарына сәйкес келеді.

БКЖ жүйелердің өзара әрекеттесу схемасы 1 суретте ұсынылған. Дербес жұмыс істей алатын жүйе компоненттерінің сипаттамасы бөлек келтірілген.

БКЖ пайдалану келесі мүмкіндіктерді береді:

  • шешімдер қабылдаудың ақпараттық ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету үшін мүмкіндіктер жасау;
  • халық пен әкімдіктер арасындағы сенім деңгейін арттыру;
  • ақпараттық қоғам жағдайында жергілікті атқарушы органдардың атқарушы органдармен, мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, азаматтармен және ұйымдармен өзара іс-қимылын реттейтін тиімді нормативтік және әдіснамалық базаны қалыптастыру;
  • ақпараттық теңсіздікті жою және АКТ саласындағы білім деңгейін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
  • Е-үкіметтің базалық компоненттерін енгізу үшін жағдайлар жасау;
  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық инфрақұрылымын оңтайландыру;
  • жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық ресурстары мен жүйелерін қорғауды қамтамасыз ету.

БКЖ жүйелерінің өзара әрекеттесу тәсімі

Документы
Ақпарат
10 августа 2020
«Персоналды басқару жүйесі» ААЖ
Ақпарат
05 августа 2020
«Log Book» электрондық құжат айналымының жүйесі» ААЖ
Ақпарат
04 августа 2020
«Сайлаушылардың тізімін қалыптастыру (Сайлау)» ААЖ
Новости
Полезные материалы
Қарағанды облысының электрондық әкімдігі
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

saryarqaaqparat
Сарыарқа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы