🎨 «CREATIVE AIMAQ»: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕУЕТІ
📍 17–18 қазан күндері Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында «CREATIVE AIMAQ» креативті жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге 55-тен астам креатор, дизайнер, суретші және қолөнер шебері қатысып, өз туындылары мен шығармашылық жобаларын ұсынады. Көрмеден ұлттық қолөнер бұйымдарын, зергерлік әшекейлерді, авторлық картиналарды, дизайнерлік топтамаларды, сондай-ақ IT, жасанды интеллект және ұшқышсыз технологиялар саласындағы әзірлемелерді көруге болады.
Бағдарламада сән көрсетілімдері, шеберлік сабақтары, концерттік бағдарламалар және суретші Қ. Куюковтың кітаптарының таныстырылымы қарастырылған.
✨ Кіру тегін! Қарағанды облысының шығармашылық әлемімен танысып, жаңа идеялар мен ерекше туындыларды тамашалауға шақырамыз!
📅 17–18 қазан 2026 жыл
📍 Астана қаласы, Qazaq Creative Hub
🎨 «CREATIVE AIMAQ»: ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КРЕАТИВТІ ӘЛЕУЕТІ
📍 17–18 қазан күндері Астана қаласындағы Qazaq Creative Hub алаңында «CREATIVE AIMAQ» креативті жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге 55-тен астам креатор, дизайнер, суретші және қолөнер шебері қатысып, өз туындылары мен шығармашылық жобаларын ұсынады. Көрмеден ұлттық қолөнер бұйымдарын, зергерлік әшекейлерді, авторлық картиналарды, дизайнерлік топтамаларды, сондай-ақ IT, жасанды интеллект және ұшқышсыз технологиялар саласындағы әзірлемелерді көруге болады.
Бағдарламада сән көрсетілімдері, шеберлік сабақтары, концерттік бағдарламалар және суретші Қ. Куюковтың кітаптарының таныстырылымы қарастырылған.
✨ Кіру тегін! Қарағанды облысының шығармашылық әлемімен танысып, жаңа идеялар мен ерекше туындыларды тамашалауға шақырамыз!
📅 17–18 қазан 2026 жыл
📍 Астана қаласы, Qazaq Creative Hub
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
🏆 ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ВОЛОНТЕРЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ТУРНИР
⚽️ Футзал | 🏐 Волейбол
Қарағанды облысының волонтерлік ұйымдары мен бастамашыл волонтерлік топтарын спорттық додаға қатысуға шақырамыз!
📅 Өтетін күні: 21 қазан 2026 жыл
👥 Қатысушылардың жасы: 14–35 жас.
Турнир аясында ерлер және әйелдер командалары арасында жарыстар бөлек өткізіледі.
Қатысуға қойылатын негізгі талаптар:
✅ «Сарыарқа жастары» порталында міндетті түрде тіркелу;
➡️ Порталдың оң жақ жоғарғы бұрышындағы ☰ үш сызық батырмасын басып, «Волонтерлік» бөліміне өтіп, тіркеуден өту қажет;
✅ волонтерлік топтарды есепке алудың жаңа жүйесінде тіркеуден өткен волонтерлік ұйымдардың атынан қатысу.
⚠️ Маңызды!
Турнирге Футбол әуесқойлары лигасында (ФӘЛ) D дивизионынан жоғары емес деңгейде өнер көрсететін ойыншылар ғана қатыса алады.
Облыстық және жоғары оқу орындары арасындағы құрама командалардың құрамында өнер көрсететін ойыншылардың, сондай-ақ кәсіби деңгейде өнер көрсететін немесе бұрын кәсіби деңгейде өнер көрсеткен ойыншылардың турнирге қатысуына жол берілмейді.
💰 ЖАЛПЫ ЖҮЛДЕ ҚОРЫ — 2 190 000 теңге!
Сонымен қатар, жеке номинациялар бойынша ақшалай жүлделер қарастырылған.
📌 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
15 қазан 2026 жыл, сағат 15:00-ге дейін.
📩 E-mail: Saryarqajastary09@gmail.com
📞 Байланыс нөмірі: 8 708 987 95 02
Президенттіміз Орталық Азия және Әзербайжан мемлекеттері басшыларының VIIІ Консультативтік кездесуіне қатысты.
Президент өз баяндамасында 2027 жылы волонтерлік мәселелеріне арналған «Орталық Азия – ізгі істердің ортақ мекені» атты Жастар форумын өткізуді ұсынды.
💡 «ТӘУЕЛДІЛІККЕ ҚАРСЫ ИДЕЯ» БАЙҚАУЫ
ҚҚ «Қазақстан Экологиялық қоры» жастар арасында лудоманияның алдын алуға бағытталған жобалар, идеялар мен ұсыныстар байқауын жариялайды.
🎯 Мақсаты: ойынға тәуелділіктің алдын алуға бағытталған бастамаларды қолдау, салауатты өмір салтын және бос уақытты өткізудің баламалы түрлерін насихаттау.
👥 Қатысушылар: жоғары сынып оқушылары, колледждер мен ЖОО студенттері, жастар ұйымдарының өкілдері.
📅 Жобаларды қабылдау: 2026 жылғы 12–20 қазан
💻 Формат: онлайн
🏆 Жалпы жүлде қоры: 500 000 ₸
🥇 Үздік 10 жоба ақшалай сыйлықпен марапатталады.
📜 100 қатысушыға электронды сертификат беріледі.
📩 Өтінімдер: ludomaniyakonkurs@mail.ru
📞 Толық ақпарат: +7 708 931 07 89
🌐 ludomania.kz/news
#ТәуелділіккеҚарсыИдея #Лудомания #Жастар #АлдынАлу #СалауаттыӨмірСалты
Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттерін өз жетістіктерін танытып, облыстық байқауға қатысуға шақырамыз!
Қоғамдық, волонтерлік, ғылыми, шығармашылық және спорттық бағыттардағы жетістіктеріңді көрсетіп, өзіңнің белсенділігің мен әлеуетіңді танытуға мүмкіндік ал!
🏆 Байқаудың жалпы жүлде қоры - 2 200 000 теңге.
Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
🔹 «Жылдың үздік студенті - 2026»
🔹 «Жылдың үздік студенттік клубы»
🔹 «Жылдың үздік волонтерлік клубы»
🔹 «Жылдың үздік спортшысы»
🔹 «Жылдың үздік интеллектуалы»
🔹 «Жылдың үздік жас ғалымы»
🔹 «Жылдың үздік шығармашыл студенті»
📅 Өтінімдерді қабылдау мерзімі:
2026 жылғы 1-31 қазан.
📞 Қатысу бойынша сұрақтар:
+7 705 143 07 32
+7 707 714 96 13
Конституция - Қазақстанның ұлттық бірлігі мен дамуының негізі
Мемлекет басшысы Конституция Қазақстан халқы үшін мәңгілік бағдар және еліміздің одан әрі дамуының берік негізі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, Ата Заң елдің тарихи жолы мен Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын ғана көрсетіп қоймай, мемлекеттің негізгі міндеттерін де айқындайды. Олар - адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру, білім, ғылым және инновацияларды дамыту.
Осы тұрғыдан алғанда, Конституция елдің тарихи мұрасын қазіргі міндеттерімен және ұзақ мерзімді мақсаттарымен байланыстыратын негіз ретінде қарастырылады. Жаңа Конституцияның қабылдануы ұлттық идеология мәселелеріне қатысты пікірталастарға нүкте қойды.
Конституцияны білу күнделікті азаматтық мәдениеттің бір бөлігіне айналуы тиіс. Сондықтан оның қағидаттары мен құндылықтары формалды нормалар ретінде емес, қоғамдық және мемлекеттік өмірдің нақты бағдарлары ретінде қабылдануы қажет.
Бұл ретте түсіндіру жұмыстарына ерекше мән беріледі. Мұндай жұмыс мазмұнды әрі саналы тәсілге негізделуі тиіс. Мемлекет басшысы формализм мен науқаншылдыққа жол бермеуге шақырды. Нәтиже өткізілген іс-шаралардың санымен емес, қоғамның конституциялық құндылықтарды саналы түрде қабылдауымен және олардың мемлекеттік органдардың қызметінде жүйелі түрде көрініс табуымен өлшенеді.
Қарағанды облысында жоғары білім беру қызметкерлерінің күні аталып өтті
Жоғары білім саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыс әкімдігінде өңір университеттерінің оқытушылары мен мамандары бас қосты. Кездесуге облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей төрағалық етті.
Жиында білікті кадр даярлауға, ғылымды дамытуға және өскелең ұрпақты тәрбиелеуге үлес қосып жүрген сала мамандарына құрмет көрсетілді.
Жоғары білім – елдің зияткерлік және ғылыми әлеуетінің негізі. Жастарға сапалы білім беріп, оларды білікті маман ретінде қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі орасан. Бүгінде жоғары оқу орындарына заман талабына сай кадр даярлау, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану сынды міндеттер жүктеліп отыр. Өңіріміздегі университеттер осы бағыттарда жүйелі жұмыс жүргізіп келеді, – деді Әлібек Әлденей.
Қазіргі таңда облыста сегіз жоғары оқу орны бар. Онда 44 мыңға жуық студент білім алады. Жастарға үш мыңға тарта оқытушы дәріс береді.
Ұлттық және халықаралық рейтингтерден орын алған Қарағанды университеттері еліміздегі және шетелдегі білім ордаларымен әріптестік байланыстарын нығайтып, ғылыми ізденістерге және жаңа технологияларды игеруге ден қойып келеді.
Кездесу соңында жоғары білім саласының дамуына және жас мамандарды даярлауға елеулі үлес қосқан бірқатар оқытушы мен қызметкерге Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
«Таза Қазақстан»: жастардың экологиялық бастамаға қосқан үлесі
Қарағанды қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кезекті абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға өңіріміздің бастамаларына белсенді қатысып жүрген жастар, студенттер, волонтерлер, сондай-ақ «Талдау мектебі» жобасының қатысушылары мен түлектері қатысты.
Қатысушылар экопарк аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, қаланың жасыл қорын толықтыруға бағытталған жұмыстарға өз үлестерін қосты.
Бүгінгі таңда экологиялық мәдениетті қалыптастыру - қоғамның барлық мүшесіне ортақ міндет. Ал, жастардың аталмыш бастамаларға белсенді қатысуы - табиғатты қорғауға деген саналы көзқарастың қалыптасуына ықпал етеді.