Қасымов Бауыржанның қатысуымен бір мезгілді шахмат ойынының көрсетілім сеансы

Қасымов Бауыржанның қатысуымен бір мезгілді шахмат ойынының көрсетілім сеансы

Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің базасында Қасымов Бауыржанның қатысуымен бір мезгілді шахмат ойынының көрсетілім сеансы өтті.

Іс-шараға ҚарУ студенттері арасында шахмат ойынын қызығушылары қатысты.

Бұл іс-шара жоғары оқу орындары мен колледж студенттері арасында шахматтан облыстық турнир қарсаңында өтті.

Бүгін сағат 18:00-де lichess.org шахмат платформасында турнирдің 1-ші кезеңі басталғанын атап өтеміз.

Турнирдің мақсаты-Қарағанды облысының ЖОО және колледж студенттері арасында шахматтан ең мықты ұлдар мен қыздарды анықтау.

Финалдық турнирдің жүлде қоры 500 000 теңге.

Сонымен қатар, турнирге өтінімдер 27 қыркүйекке дейін қабылданатынын еске саламыз.

Қатысуға Қарағанды облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінің студенттері шақырылады.

турнирге қатысу үшін мына сілтеме бойынша шахмат клубына кіру қажет https://lichess.org/team/NbcU72Kd қосылу коды-jarqyn bolashaq.

Барлық ақпаратты сілтеме бойынша телеграмм-арнадан көре аласыздар https://t.me/joinchat/m_F2UWdVIPc4NWFi

Турнир туралы толығырақ келесі нөмір бойынша біле аласыз:

8 (778) 97 888 67 (WhatsApp, Telegram)