Қарағанды облысында жастардың саны (14-28 жас) 211 831 адамды құрады немесе жалпы облыс халқы санының – 18,5%. Оның ішінде қалаларда 158 738 жас (74,9%), ауылдық жерлерде – 53 093 жас (21,1%) тұрады.
Жастардың түрлі санаттарын барынша қамти отырып, жастар саясаты саласындағы жұмысты ұйымдастыру «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау шеңберінде. ҚР Президентінің жыл сайынғы Жолдауын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының жастарын қолдау жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар», «Ұлттық рухани жаңғыру» Ұлттық жобасы және т.б. бағдарламалық құжаттарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.
Қазіргі жастардың трендтері мен сұраныстарын анықтау мақсатында жыл сайын Жас азаматтардың өмірлік бағдарын, әлеуметтік бағытын айқындау бойынша облыс жастары арасында әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі (3000 адам). Сауалнамаға қатысқан облыс жастарының көпшілігінде азаматтық бірегейліктің бар екендігін куәландырады. Осылайша, жастардың 96,7%-ы өздерін өз Отанының патриоты деп санайды. Сондай-ақ, респонденттердің 90,2%-ының мемлекеттік жастар саясатының аймақта жүзеге асырылу барысына көңілдері толады.
Облыста 1 облыстық және 13 өңірлік жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді. Облыс бойынша 77 жастар ҮЕҰ ресми тіркелген, олардың ішінде белсенділері: «Жастар рухы» ЖҚ, «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы», «Қарағанды облысының Жастар Одағы», «Жас Орда» жастар қауымдастығы», «Jarqyn bolashaq» және басқалары.
Тағы да бір ерекше атап өтерлік жаңалық - облысымызда республика көлемінде алғашқы болып Жастар ресурстық орталықтары мамандарының жалақысы 70%-ға өсірілді. Демек, 2023 жылдың басынан бастап аталған мамандар (171 адам) жоғарылатылған жалақы алатын болады.
Облыс әкімінің, өңірлер әкімдерінің төрағалығымен өткен Жастар ісі жөніндегі кеңестердің отырыстарында, жастар саласы бойынша өзекті мәселелері жүйелі түрде талқыланып, шешімдері қабылданды. 2022 жылы ЖІК 20 отырысы өткізілді, 58 мәселе қаралды (оның ішінде 3 облыстық ЖІК отырысы, 9 мәселе).
Сонымен қатар, Қарағанды облысының жас мемлекеттік қызметші мектебінің 2022 жылғы маусымы сәтті жүзеге асырылды. Аталған жоба ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментімен және Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды облысы бойынша филиалымен бірлесіп өткізілді. Тағылымдамашылар Мемлекеттік басқару академиясының филиалында оқыту мен мемлекеттік органдарда 2 айлық тағылымдамадан өтті.
2022 жылдың 09-11 қыркүйегі аралығында Қарқаралы ауданында «Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау» жобасы аясында Қарағанды облысының жоғары оқу орындарының студенттік өзін-өзі басқару органдарының мүшелері үшін көшпелі Актив өткізілді.
Жалпы, жұмыс мемлекеттік жастар саясатының барлық бағыттары бойынша, бірінші кезекте ерекше назар аударуды талап ететін мәселелер бойынша жүргізілді.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында (01.01.2023 ж.) жастар арасынан 12 031 адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды немесе жалпы жұмысқа тартылғандардың 35,8% құрады.
Жастар практикасы - ұзақтығы 6 айдан 12 айға дейін, еңбекақы 25 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін көтерілді. Алғашқы жұмыс орны - ұзақтығы 12 айдан 18 айға дейін, еңбекақы 20 АЕК-тен 30 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
«Жастар практикасы» (840 адам), «Алғашқы жұмыс орны» (246 адам), «Дипломмен – ауылға» (339 маман көтерме жәрдемақы және бюджеттік кредиттер алды), «Жасыл ел» (1757 адам) жобалары табысты іске асырылды. Мұнда халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдерді «Жасыл ел» қатарына қабылдаудың басымдылығын атап өту маңызды.
Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға үнемі көңіл бөлінеді. 2022 жылы гранттар сомасы 2,0 млн. теңгеге дейін ұлғайтылып, 100 млн. теңгеге 50 грант табысталды. Осыған ұқсас жобалар облыстың қалалары мен аудандарында іске асырылуда. 2022 жылы гранттардың жалпы бюджеті 296 млн. теңгені құрады (облыс – 100 млн., қалалар мен аудандар – 133 млн., «Zhas Project» жобасы - 63 млн. теңге).
Бірнеше жылдан бері облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз етудің Кешенді жоспары жүзеге асырылуда. 2020-2022 жылдар аралығында облыс өңірлерінде барлығы 596 пәтер бөлінді (2020 жылы - 166, 2021 жылы - 252, 2022 жылы - 178), оның ішінде 2022 ж - 178 пәтер (жоспар 116). 01.01.2023 ж. жағдай бойынша 178 пәтер бөлінді (158%). Облыс қалаларында 150 пәтер, аудандарда - 28 пәтер берілді.
2022 жылы жас мамандарға арналған аймақтық ипотекалық бағдарлама іске қосылды. Облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге, «Отбасы банк» АҚ желісі бойынша - 500 млн. теңге бөлінді. 7 әлеуметтік маңызы бар санат бойынша (денсаулық сақтау – 20, білім - 19, мәдениет - 7, спорт - 6, әлеуметтік сала - 7, БАҚ - 6, ЖОО - 10) ипотекалық қарыздың 75 иегері анықталды.
Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етудің тағы бір шарасы – студент жастарға арналған жатақханалар салу және реконструкциялау. 2025 жылға дейін облыс бойынша 1482 төсек-орынға арналған 8 жатақхана пайдалануға беріледі. Осы орайда атап өтерлік жайт - 2021 жылы 482 төсек-орынға арналған 5 жатақхана пайдалануға берілді. 400 орынға арналған Қарағанды медицина университетінің жаңа жатақханасы 2023 жылдың наурыз айында ашылады деп жоспарлануда.
Бұдан басқа, «Saran» индустриялық аймағында жобалық қуаттылыққа шығу кезінде жұмыс орындарының жалпы саны 1116-ны құрайтын ірі заманауи кәсіпорындар жұмыс істейді. Сондай-ақ, Татарстанда 127 жас білім алуда. 2023 жылы 757-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда, жастар ортасынан да тартуды талап етеді.
Облыста волонтерлік қозғалысты дамыту бойынша іс-шаралар кешені іске асырылуда. Волонтерлердің аймақтық фронт-кеңсесі жұмыс істейді. 2022 жылы жалпы алғанда 725 іс-шара өткізіліп, 41 281 адам қамтылды. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында еріктілер қозғалысын дамыту және қолдау жөніндегі жобаларды іске асыруға қаржыландыру көлемін жыл сайын арттыру жоспарланған. 2022 жылы облыстың волонтерлік ұйымдары арасында 2,5 млн.теңге сомасына гранттар конкурсын өткізіп, 5 грант иегері анықталды.
Жылдан жылға волонтерлер қозғалысы біріктіруші фактордың жоғары әлеуетіне ие бола отырып, өзін қалыптасқан қоғамдық институт ретінде көрсетті. Мәселен, 2022 жылы Қостанай облысының өрттен зардап шеккен тұрғындарына көмек ретінде еріктілер күшімен 70 тонна азық-түлік және тұрмыстық техникасы бар бір жүк көгілі жиналып, жөнелтілді.
2022 жылы әлеуметтік желілерде «JasPro» бірыңғай аккаунты Instagram, Facebook желілерінде жұмыс ұйымдастырылды (жалпы жазылушылар саны 101 318 адам).
Облыста 10 коворкинг-орталық (Балқаш, Қарағанды, Приозерск, Саран, Қарқаралы, Осакаров, Шет, Бұқар жырау аудандары), облыс орталығында 2 коворкинг («Good zone» және «Qoldau» орталығы) жұмыс істейді. Аталған коворкинг орталықтары жастарды кәсіби шығармашылық тұрғыда дамытуға, бос уақыттарын тиімді өткізуге жақсы мүмкіндіктер ұсынады.
Облыста 14-34 жас аралығындағы 309 258 адам тұрады (27,3%). Қала жастарының саны - 241 562 адам (78,1%), ауыл жастарының саны – 67 696 адам (21,9%).
Облыс бойынша Қазақстан Республикасының 2023-2029 жылдарға арналған мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде жұмыс ұйымдастырылды. Бірінші кезекте, жастарды жұмысқа орналастыру және әлеуметтендіру мәселелерін шешуде, олардың өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін.
2023 жылғы 3 тоқсанның қорытындысы бойынша жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,1%- құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайыздық тармаққа (2022 жылғы 3 тоқсан-4,3%) төмен. Республикалық көрсеткіштен 0,2% төмен (ҚР – 3,3%). NEET-жастардың деңгейі 10,2%-құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,8%-ға жоғары (2022 жылғы 3 тоқсан-9,4%). Республикалық көрсеткіштен 3,1% асады (ҚР-7,1%).
Жағдайды жақсарту үшін жұмыспен қамту бағдарламалары шеңберінде қолда бар құралдармен қатар өңірлік сипаттағы шаралар іске асырылуда.
Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде (01.11.2023 ж.) жұмыспен қамту шараларымен 14 469 адам қамтылды (47%), оның ішінде жастар практикасына 816 адам, «Бірінші жұмыс орны» жобалары бойынша - 412 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары бойынша жастар арасынан - 25 адам жіберілді.
«Жасыл ел» еңбек маусымында ағымдағы жылы нақты қамту 3000 адамды құрады (2022 ж. – 2375 адам). Халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан жасөспірімдер отрядтарға қабылдау басымдығына ие (48,6%). Кейінгі жылдары бағдарламамен қамтуды жоспарлы түрде ұлғайту, сондай-ақ педагогикалық және студенттік құрылыс отрядтарын құру күтілуде.
«Дипломмен – ауылға» бағдарламасы аясында тұрғын үй сатып алуға және көтерме жәрдемақы алуға кредит алған мамандардың жалпы санынан жастардың үлесі 92,5% құрады. Бұл 35 жасқа дейінгі 308 маман (333 маманның ішінен).
Жүйелі негізде жастарды шағын және орта бизнес саласына тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Облыс әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған бір грантының сомасы 2 млн. теңгені құрайды, жалпы саны 50 грант (100 млн.теңге). Осыған ұқсас жобалар облыстың барлық қалалары мен аудандарында іске асырылуда. 2023 жылы гранттардың жоспарланған бюджеті 258,0 млн. теңгені құрайды (облыс – 100 млн., қалалар мен аудандар – 158,0 млн.).
Ұйымдастырылмаған жастармен жұмысқа орналасу және жұмыспен қамту бағытында жұмыс істеу тұжырымдамасы әзірленді. Жүйелі негізде облыстың әрбір өңірінде ұйымдастырылмаған жастардың дербестендірілген деректер базасын өзектендіру жүзеге асырылады. Облыстың қалалары мен аудандарының цифрлық отбасы картасының дерекқорына кіретін барлығы 18 750 адам немесе 100%-ы пысықталды (Қарағанды - 8653 адам, Балқаш - 1013 адам, Приозерск - 220 адам, Саран - 783 адам, Теміртау - 3364 адам, Шахтинск - 1155 адам, Абай - 1023 адам, Ақтоғай - 147 адам, Бұқар Жырау - 872 адам, Қарқаралы - 276 адам, Нұра - 276 адам, Осакаров - 572 адам, Шет аудандары-396 адам).
2022 жылдан бастап жас мамандарға арналған Өңірлік Ипотекалық бағдарлама іске асырылуда. 2022 жылы жоба пилоттық режимде облыс орталығының аумағында іске асырылды. Облыстық бюджеттен 1 млрд. теңге, "Отбасы банк" АҚ желісі бойынша - 500 млн. теңге бөлінді. Барлығы 7 әлеуметтік маңызды санат бойынша 92 несие бөлінді (Денсаулық сақтау-21, білім – 30, мәдениет - 10, спорт - 7, әлеуметтік сала - 3, БАҚ - 5, ЖОО - 16 өтінім). 2023 жылы республикада алғаш рет осы бағдарламаға моноқалалар (Саран, Теміртау) қатысады. Облыс бойынша барлығы 153 несие жоспарланған. Жалпы бюджет 2,8 млрд. теңгені құрайды.
Бірнеше жылдан бері облыста жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша кешенді жоспар іске асырылуда. 2020-2022 жылдар аралығында облыс өңірлерінде 480 пәтер (2020 ж. - 133, 2021 ж. - 169, 2022 ж. - 178) немесе 114,6% (419 жоспар) бөлінді.
2023-2027 жылдарға 470 пәтер бөлу жоспарланған (2023 ж. - 116, 2024 ж. - 87, 2025 ж. – 88, 2026 ж. – 91, 2027 ж. - 88), іс жүзінде 01.11.2023 жылға 48 пәтер берілді (Қарағанды – 5, Балқаш - 3, Приозерск - 4, Теміртау – 16, Абай ауданы - 17, Бұқар Жырау ауданы – 2, Шет ауданы-1).