2025 жылы социологиялық зерттеу нәтижелері

Қарағанды облысының жастары арасында жүргізілген социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша өткен брифинг туралы есеп

2024 жылғы 29 қазанда сағат 15:00-де облыс жастары арасында 2025 жылы жүргізілген социологиялық зерттеулердің қорытындысы бойынша брифинг өтті.

Брифингтің мақсаты – «Азаматтық бастамалар орталығы» қоғамдық бірлестігі жүргізген социологиялық зерттеулердің қорытынды аналитикалық баяндамасын таныстыру.

Брифингке қатысушылар – бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мемлекеттік жастар саясаты саласында социологиялық зерттеулермен айналысатын жас ғалымдар, жоғары оқу орындарының баспасөз қызметтері мен жастар ісі жөніндегі комитеттердің өкілдері және т.б. (қатысушылар тізімі қоса беріледі).

Социологиялық зерттеулердің негізгі мақсаты – облыс жастарының әлеуметтік-саяси ұстанымдары мен көңіл-күйлерін, құндылық бағдарларын анықтау; Қарағанды облысы жастарының психоактивті заттарды тұтыну мен таратуға, сондай-ақ зиянды әдеттерге деген көзқарасын зерделеу болып табылады. Сонымен қатар, зерттеудің мақсаты – Қарағанды өңірінде мемлекеттік жастар саясатын ұйымдастыруды жетілдіру және оның тиімділігін арттыруға бағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Брифинг интерактивті форматта өткізілді. Іс-шара аясында социологиялық зерттеулердің келесі бағыттары қамтылды:

  • Зерттеу нәтижелерін төрт негізгі бағыт бойынша таныстыру;

  • Қарағанды облысы жастары арасында өзекті мәселелермен таныстыру;

  • Қарағанды облысы жастарының психоактивті заттарды тұтыну мен таратуға, сондай-ақ зиянды әдеттерге деген көзқарасы;

  • Қарағанды облысы жастарының құндылық бағдарларының жалпы сипатын талдау;

  • Социологиялық зерттеу нәтижелері негізінде ұсыныстар беру.

Алынған нәтижелерді талдау барысында жастардың іске асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы хабардарлық деңгейін арттыруға ерекше назар аудару ұсынылды.

Дата публикации
16 января 2026