«Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ) Қарағанды облысының аумағындағы мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру саласында мемлекеттік басқару органының қызметтерін атқаруға уәкілетті мемлекеттік мекеме болып табылады.
  2. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ –нің ведомствосы «Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
  3. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  7. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі - 100008, Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Гоголь көшесі, 34.
  10. Осы Ереже «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ, «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында, кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы» ММ заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік  бюджет  кірісіне жіберіледі. 

 

Дата публикации
04 апреля 2024