Меню

Страницы

Статья

Ветеринариялық-санитариялық шараларды ұйымдастыру және ТЖ бөлімінің 2021 жылы атқарған жұмыстары жөнінде есебі

Ветеринария басқармасының ветеринариялық- санитариялық шараларды ұйымдастыру және ТЖ бөлімінде  2021 жылдың жұмыс жоспары бекітілді. Жыл басынан мемлекеттік органдардан  басқа да мекемелерден бөлімге 421, әкім блогынан 1, 109 сенім телефоны арқылы 81, жеке және заңды тұлғалардан 33 өтініш келіп түсті. Өтініштер уақытылы қарастырылып заңнама талаптарына сәйкес, түрлі адресаттарға жазбаша түрде жауаптар ұсынылды.

Бөлімнің құзыреті шегінде, мемлекеттік мекемелерге, мәслихаттарға, жеке тұлғаларға, басқа да мекемелер мен ұйымдарға 92 хат жолданды.

Басқарманың «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілерінде және интернет-ресурсында, «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң жобасын  талқылау кезеңінде дайындалған ұсыныстар орналастырылды. Ветеринариялық заңнаманың нормаларына, қызметтің ағымдағы жағдайына қатысты 4 мақала жарияланды.

Бруцеллезге оң нәтиже берген жануарларды (Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Шет) аудандарынан Жамбыл облысы Байзақ ауданына, санитариялық союға және қайта өңдеуге 356 ІҚМ жеткізіліп тапсырылды. «Жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауiп төндiретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың құнын иелеріне өтеу» 011бағдарламасы аясында мал иелеріне 31 630,5 теңге көлемінде өтемақы төленді.

 Жануарлар мен адамдар арасында құтыру аурудың пайда болуның алдын алу және таралу көздеріне тосқауыл қою мақсатында, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 76,4 млн.тг бөлініп,  барлығы 17 379  мың  бас қаңғыбас жануарлар ауланып, жойылды (16 396  ит және 983 мысық).

 Жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен жүгінімдер белгіленген мерзімде  қарастырылып, уақытылы жауап берілді.

Дата публикации
30 марта 2022
Дата обновления
30 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Ақпарат
06 мая 2024
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы