Меню

Страницы

Статья

Ауыл шаруашылық жануарларына тән аурулар туралы, Қарағанды облысының бас ветеринар дәрігері айтып берді

Биыл үш жаңа модульдік ауылдық ветеринариялық пункт салынады. Оларды барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді, бұл қызметкерлерге өз жұмысын әлдеқайда сапалы орындауға мүмкіндік береді. Осы және өңіріміздегі ауыл шаруашылық жануарларына тән аурулар, малдың вакцинациясы қалай жүргізілетіні туралы Қарағанды облысының ветеринария басқармасының басшысы Қайрбек Тұрсынбеков әңгімелеп берді.

 

– Осы жыл Қарағанды облысының ветеринариялық қызметі үшін қиын басталды. Шет ауданында аусыл анықталды. Бүгінгі жағдай қалай?

– Иә, аусыл анықталды. Серотипті анықтау қиын болды, бірақ бәрібір анықталды. 14 қаңтарда карантин енгізілді. 25 бас ІҚМ заманауи технологиялық және экологиялық қондырғыны қолдана отырып жойылды. Осы аптада қорытынды дезинфекция жүргізіледі. Сынамалар алынады. Егер бәрі тұрақты болса, карантин 7 ақпанда алып тасталынады. Содан кейін екі айға шектеулер қойылады.

 

– Облыстағы эпизоотиялық жағдай қандай, жануарлар арасында жұқпалы аурулардың таралуы қалай?

– Өткен жылы 32 қолайсыз жағдай тіркелді. Негізгі бөлігі вирустық аурулар – инфекциялық ринотрахеит және вирустық диарея. Сондай-ақ инфекциялық кератоконъюнктивит кездеседі. Бұл аурулар 2013 жылдан бері тіркеле бастады, олар Еуропа мен Солтүстік Америкаға тән. Ал барлығына мәлім, осыдан бір жыл бұрын импорттық мал әкелу басталған.

Екі шаруашылықта — Нұра және Абай аудандарында — туберкулез тіркелді.

Бруцеллезге келетін болсақ, соңғы 5–6 жылда фон сақталып тұр, бірақ облыс бойынша сындарлы деңгей жоқ. Жыл сайын 60–65 мың ІҚМ және бір миллионнан астам ҰҚМ зерттеледі.

 

– Қарағандылықтардың дастарханына түсетін еттің қауіпсіздігі туралы сұрақ. Тұрғындар үшін, мал сою санитарлық жағдайда және барлық қауіпсіздік нормаларына сай жүргізіледі деп сенімді бола ала ма?

– Қазір бізде бақылау-қадағалау функциялары жоқ. Біз бұл іспен 2020 жылға дейін айналыстық. Енді бұл жұмысты Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы жүргізеді. Бірақ технология өзгерген жоқ. Ветеринар маманының куәландыруынсыз, ауыл шаруашылық жануарын алдын ала тексермей, ветеринариялық құжат берілмейді. Яғни, тірі мал мен оның өнімдеріне. Біз иесінің электронды форматта анықтама алуына қарсымыз, егер ол бұрын жануарды есепке қойған болса. Себебі, жануар жарақат алуы, ауыруы мүмкін, тіпті жұқпалы нәрсе де қажет емес. Сондықтан анықтама тек маман тексергеннен кейін берілуі тиіс.

 

– Осы жылға қандай жоспарлар бар?

– Ветеринария саласындағы басты міндет – профилактика. Біз уақытылы диагностика, карантин және аурудың әрі қарай таралуына жол бермеуді қамтамасыз етуіміз керек.

Жоспарда көктемгі (ақпан айының соңынан мамырға дейін) және күзгі (тамыз айының соңынан бастап) малды өңдеуі бар, біз оны жыл сайын жүргіземіз. Қарағанды облысында 11 ауруға қарсы вакцинация жүргізіледі. Бұл – барлық жануарлардың сібір жарасы, ІҚМ-ның нодулярлық дерматиті, құс тұмауы, 5 жасқа дейінгі жылқылардың сақауы және басқалары. Соңғы 5 жылда биелердің сальмонеллездік аборты өсуде. 2018 жылы біз шұғыл түрде энзоотиялық аурулар тізімін өзгерттік. Жеке-жеке жануарларға ғана әсер етіп, жаппай таралмайтын ауруларды алып тастадық.

 

– Неліктен малды тұрақты және жаппай вакцинациялау жүргізілмейді?

– Біз жаппай вакцинациялаудан бас тарттық. Ошақтарға қарай әрекет етеміз, иммундық фон қалыптастыру үшін. Бұл тактика халықаралық эпизоотиялық бюромен келісілген. Егер біз бүкіл малды тұрақты түрде вакцинацияласақ, бөтен ақуыздар мен қажетсіз протеиндерге толы сапасыз ет аламыз.

 

– Облыста қанша ветеринариялық пункт бар? Олар қандай принцип бойынша орналастырылады?

– Барлығы 195. Барлығы аумаққа, мал басының санына және жүктеме нормасына байланысты. Кеңес заманында бір ветеринарға 850 бас ІҚМ келсе, қазір бір маманға мың бас келеді. Кадр мәселесі бар екені жасырын емес. Төмен жалақы тартымсыз, әсіресе жастар келмейді. Біз бірнеше жыл бойы қызметтің жұмыс форматын қайта қарауды талап етіп келеміз. Президенттің жаңа жолдауларында бұл мәселенің түсінігі бар. Болашақта жағдай жақсарады деп үміттенемін.

Басты міндетіміз – халық игілігі үшін жұмыс істеу. Өткен жылы біздің қызметтерге жануарларды емдеуге рұқсат берілді. Бұл ауыл тұрғындары мен біздің қызметкерлер үшін тағы бір артықшылық.

 

– Ветеринариялық пункттерді модернизациялау жүргізіліп жатыр ма?

– Одан да жақсы: жаңа модульдік ветеринариялық пункттер салу басталды. 2020 жылы екеуі – Дубовка және Ахметаул ауылдарында – салынды. Қора, қақпан, ғимарат, гараж, яғни барлық инфрақұрылымымен. Өткен жылы Абай, Бұқар-Жырау және Ақтоғай аудандарында үш пунктке қаражат бөлінді. Биыл құрылыс аяқталуы тиіс.

2021 жылы біз жинамалы мобильді қораға қаражат таптық. Қазір ол Жаңаарқа ауданында, бірақ біз оны қажет жерге жинап, көшіре аламыз.

Дата публикации
27 января 2022
Дата обновления
03 декабря 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Ақпарат
06 мая 2024
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы