Меню

Страницы

Статья

2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ақпарат

Биылғы жылы эпизоотияға қарсы іс шараларды жүргізуге 1 052,0 млн. теңге бөлінді.

385,7 мың бас ІҚМ бруцеллезге зерттелді, 83%. Оның 3 656 бас оң нәтиже берді. Зақымдану пайызы – 0,9% құрайды.

676,6  мың бас  ҰММ зерттелді, 90%, 79 бас мал оң нәтиже берді. Зақымдану– 0,01%.

Жыл басынан 12 түрлі аса қауіпті ауыл шаруашылығы жануарларының ауруларына манипуляциядан өткен мал басы – 3 259,6 мың бас (оның ішінде 1 985,6 мың бас егіліп, 1 274,0 мың бас  диагностикалық тексеруден өтті),  диагностикалық зерттеулердің 30 түрі, оның ішінде 10 серологиялық, 9 бактериологиялық және 11 вирусологиялық зерттеулер.

Бекітілген жоспарға сәйкес егілгені: құтыруға қарсы барлық мал түрі – 36 350 бас; сібір жарасына – 1 211 602 бас, ІҚМ қарасанына – 286 700 бас; барлық мал түрлері туберкулинизациясы – 172 139 бас; жылқы маңқасына – 2 400 бас; құс тұмауына – 262 900 бас; нодулярлы дерматитке – 358 450 бас.

Ағымдағы жылға облыстық бюджеттен жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын-алу үшін жылқы сақауына қарсы 111,6 мың доза және жылқыны сальмонеллездік іш тастауына қарсы 40,0 мың доза ветеринариялық препараттарды сатып алынып, егілуде.

Жыл басынан тіркелген 4 қолайсыз ошақта, сауықтыру шаралары жүргізілуде.

ІҚМ індетті ринотрахеиті - Ұлытау ауданы, Мибулақ ауылдық округі;

ІҚМ індетті ринотрахеит - Абай ауданы, Ақбастау ауылдық округі;

Құстардың сальмонеллезі - Нұра ауданы Құланөтпес ауылы;

Жылқының ринопневмониясы - Нұра ауданы Кертінді ауылы.

 Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру   компьютерлік деректер базасына енгізе отырып, дер кезінде жүргізіледі.

Жыл басынан бірдейленгені  - 245,5 мың бас, оның ішінде ІҚМ – 70,1  мың бас;

ҰММ – 126,0 мың бас;

Жылқы– 10,1 мың бас;

Түйе – 106 бас;

Шошқа – 39,3 мың бас.

Сою объектілеріне қатысты

Облыс аумағында 209 сою объектілері бар, оның ішінде 27 мал сою пункттері, 171 мал сою алаңдары, 11 қайта өңдеу кәсіпорындары.

Бүгінгі таңды қызмет көрсететін 149 мал сою объектілері бар (24-мал сою пункті, 114 алаң және 11 қайта өңдеу кәсіпорындары.

Анықтама: «Агрофирма Құрма» ЖШС, Нұрғожа ШҚ, «Апрель Құлагер» ЖШС, «Агрико» ЖШС, «Карл Маркс құс фабрикасы» ЖШС, «Майқұдық құс фабрикасы» ЖШС, «Казбройлер» ЖШС, «Возрождение ХХI» ЖШС, «Natur-Agro» ЖШС, ҚФ «Ақнар», «Арай KZ» ЖШС, «Қоянды 2017» АӨК, «Алаш агро» АӨК.

 

Мал көмінділері және өлекселерді жағу пеші бойынша

219 ауылдық (кенттік) округтердің 112-де мал көмінділері бар,оның 49  типтік және 63 қарапайым.

"Ветстанция" ШЖҚ КМК баланысындағы мал көмінділерін күтіп-ұстауға ағымдағы жылы  95,5 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін 24 инсинератор пеш жұмыс істейді (биологиялық қалдықтарды жою үшін) оның 18-і стационарлық, 6-ы жылжымалы.

 

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша

Жануарлар мен адамдар арасында құтырудың пайда болу және таралу көздерін болдырмау үшін қаңғыбас жануарларды аулау және жою жұмыстары жүргізіледі.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға 2020 жылы бюджеттен  69,1 млн.теңге бөлінді.

Аудан, қала ветеринария бөлімдерінің ақпаратына сүйенсек, барлығы 10 528 бас ит пен мысықтар ауланып, жойылды (оның ішінде 9164 бас ит және 1364 бас мысық).

 

 

Материалдық-техникалық жабдықтау

Ауылдық округтерде ветеринариялық пункттерді ғимаратпен қамтамасыз ету мәселесі өткір, 194 ветеринариялық пункттің 189-і ауылдық округ әкімдіктерінің ғимараттарында орналасқан, тек 5-і меншікті ғимаратпен қамтылған.

Осы мәселені шешу бағытында Ақтоғай, Бұқаржырау аудандарында ветеринариялық пунктердің жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеуге қаражат қарастырылып жұмыстар жүргізілуде.

Абай, Нұра аудандарында құрылыс жұмыстары басталды.

Дата публикации
25 июня 2020
Дата обновления
25 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
01 августа 2024
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілер
Ақпарат
06 мая 2024
Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары!
11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы