Ветеринария басқармасы 1 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді - «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру». 2024 жылы лицензия алуға 3 өтініш түсті. Бұл қызмет толығымен автоматтандырылған, «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Басқармаға бағынысты 4 қалада филиалдармен 9 кәсіпорын бар. Ведомстволық бағынысты ұйымдар 3 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ведомстволық бағынысты ұйымдар 2024 жылы барлығы 57 533 мемлекеттік қызмет көрсетілді:
- «Ветеринариялық анықтама беру» бойынша – 51 229;
- «Ветеринариялық паспорт беру» бойынша – 6 195;
- «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» - 109.
Ветеринариялық станциялардың мемлекеттік қызметтері көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы, көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы көрсетіледі:
- «Ветеринариялық анықтама беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет қағаз нысанда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесінің (бұдан әрі - БАБЖ АЖ) веб – порталы арқылы;
- «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері қағаз нысанда «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – АШЖБ АЖ) және баламалы негізде «Tort tulik» мобильді қосымшасы арқылы.
Есепті кезеңде көрсетілген 57 536 мемлекеттік қызметтің 3-і - «Е-лицензиялау» МДҚ арқылы электрондық түрде, 57 491 қызмет - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде, 42 қызмет - көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз, көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілді.
4 мемлекеттік қызметтің 3 түрі тегін, 1 қызмет түрі ақылы негізде көрсетіледі.
2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер санына сәйкес, ең сұранысқа ие «Ветеринариялық анықтама беру» қызметі, 57 536 қызметтің 51 229-ы (89,03%).
Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді Ветеринария басқармасы және ведомстволық бағынысты ұйымдары Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңына, Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 2 қазандағы № 302 бұйрығымен бекітілген ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру қағидаларына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 мамырдағы № 7-1/453 бұйрығымен бекітілген Ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларымен және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларына сәйкес көрсетеді. 2010 жылғы 2 маусымдағы № 367 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді беру қағидаларымен бекітілген.
Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпарат ветеринария басқармасының мемлекеттік органдарының (МО ЕПИР) интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында, сондай-ақ басқарма ғимараттары мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың дәліздерінде өзгерістерге сәйкес үнемі жаңартылып отыратын ақпараттық стендтерде орналастырылған.
Сондай-ақ, басқарманың интернет-ресурсында ақпараттық мәліметтер жаңартылған, 2022, 2023 жылдардағы мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша есептер орналастырылған. www.egov.kz веб-порталында әзірлеуші органға қатысты ақпарат, ветеринария саласында мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер, көрсетілетін қызметті алушылар, көрсетілетін қызметті ұсыну орны, құны, қызмет көрсету мерзімдері, көрсетілетін қызметтің толық атауы, онлайн қызметті қалай алуға болатыны, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі, сондай-ақ қызмет көрсетуге қажетті құжаттар тізімі орналасқан.
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» ҚР Заңының 10-бабы бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу және бекіту орталық мемлекеттік органдардың өкілетіне жатқызылған.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру, көрсетілетін қызметті алушыларды оларды көрсету тәртібі туралы хабардар ету бойынша 2024 жылы басқармаға ведомстволық бағынысты ұйымдары мен басқарманың ресми интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-жәрмеңкелер өткізіліп, жарияланымдар жарияланды.
«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру» мемлекеттік қызметі толығымен автоматтандырылған, қызметті ЕЛ МДҚ АЖ-да тіркеуді ветеринария басқармасы жүзеге асырады. Ақпараттық жүйе жұмысындағы бар проблемаларды жою бойынша «ҰАТ» АҚ облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен өзара жүзеге асырылады.
«Ветеринариялық анықтама беру», «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтерін көрсету үшін www.egov.kz және www.elicense.kz порталдарының БАБЖ және АШЖБ ақпараттық жүйелерімен интеграциясы жоқ. www.egov.kz және www.elicense.kz порталдарды БАБЖ және АШЖБ ақпараттық жүйелерімен интеграциялау бойынша ұсыныстар тұрақты негізде тиісті органдарға жіберіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің тиімділігін арттыру мақсатында басқарманың 2 маманы «Ең алдымент – адамдар: мемлекеттік қызметтер сапасын арттырудың практикалық құралдары» және «Бюрократиядан арылту және мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру» тақырыптары бойынша оқыту семинарынан өтті. Басқарманың ведомстволық бағынысты ұйымдарының 8 маманы «Мемлекеттік қызмет көрсету саласын жетілдіру және ақпараттық технологияларды қолдану. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыру. Жанжалды жағдайларды басқару және халықаралық тәжірибені қолдану» тақырыбы бойынша оқыту семинарларының онлайн-курсынан өтті.
Сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға жол бермеу, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыларды хабардар ету мақсатында, сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру, БАҚ және халықпен бірлескен іс-қимылды және кері байланысты қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар тұрақты негізде жүргізіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша іс-шараларды өткізу нәтижесінде ветеринариялық анықтама беру бойынша көрсетілген қызметтер санын ұлғайтуға мүмкіндік берді.
Ветеринариялық анықтама беру бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдармен 51 229 қызмет көрсетілді (2023 жылы 40 947 қызмет көрсетілген).
Есепті кезеңде көрсетілетін қызметті берушінің немесе лауазымды тұлғалардың қызметіне шағымдар, мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімін бұзушылықтар, негізсіз бас тартулар мен ауытқулар тіркелген жоқ.
Басқарманың 2023 жылғы 19 желтоқсандағы №169 және 2024 жылғы 15 тамыздағы №102 бұйрықтарымен бекітілген 2024 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ішкі бақылау жоспарына сәйкес, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында 5 ведомстволық бағынысты ұйымдарда бақылау іс-шаралары өткізілді.
Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша «Ветеринариялық паспорт беру» және «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзету)» мемлекеттік қызметтері бойынша ай сайынғы деректерді беру кезінде бұрмаланудың 2 фактісі, «Ветеринариялық анықтама беру» мемлекеттік қызметі бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін (бизнес-процестерді) бұзудың 4 фактісі анықталды.
Бақылау іс-шараларының қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жою және бұзушылыққа жол берген қызметкерлерге қатысты шаралар қабылдау жөнінде тиісті ұсынымдар берілді
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәртібін оңайлату мемлекеттік органдардың ақпараттық деректер базасын интеграциялау арқылы мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру шеңберінде жүзеге асыру жоспарлануда. Одан әрі жұмыс әкімшілік кедергілерді жоюға, халық үшін мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.