Ветеринария саласында емдеу-профилактикалық кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке немесе мемлекеттік емес заңды тұлғалардың назарына!

«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII «Жануарлармен жауапкершілікпен қарау туралы» Заңының 11-бабының 6-тармағына сәйкес, есепке алынған үй жануарлары туралы ақпарат, тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірілмей берілуге тиіс екенін хабарлайды.

Бұл норма 2023 жылғы 01 қыркүйекте күшіне енді, алайда Сіздердің тараптарыңыздан  2023 жылғы ақпарат берілмеді. Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген ақпаратты 2024 жылдың 1 тоқсанына veterinariya2015@mail.ru электрондық поштасына 2024 жылдың 20 сәуіріне дейін ұсынуды сұраймыз.

 

Дата публикации
15 марта 2024