Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылдың 27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру бойынша Қарағанды облысында 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» орындау мақсатында басқарма басшынысының бұйрығымен 2019 жылдың 12 сәуірінде «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ-дегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» бекітілген.
Жоспарға сәйкес тұрақты түрде басқарма басшысының аппараттық кеңестерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері, тауарлар мен қызметтерді (жұмыстарды) мемлекеттік сатып алуды өткізудің ашықтығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыру мәселелері қаралады.
Сонымен қатар, 2019 жылдың 10 қаңтарында басқарма басшысының бұйрығымен 2019 жылға арналған «Заңдарды және нормативтік құқықтық актілерді оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітілген. Оқыту кеңестерінің хаттамалары қосымшада тіркелген.
Басқарманың жеке сайтында басқармадағы іс-шаралар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарты, басқармамен әзірленген әкімдік қаулыларының жобалары, тіркелген қаулылар, сыбайлас жемқорлыққа қатысты сұрақтарға арналған бөлімдер әзірленген. Бөлімдерге сәйкес тиісті ақпарат салынып, мезгілінде жаңартылып отырады.
Жоспардың 6 тармағы бойынша, басқармамен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлығы реестрге енгізілген. Қазіргі таңда басқармамен «ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Ақпараттық стендтер, бірінші басшының және орынбасарларының жеке қабылдау кестесі орналастырылған, Басқармада «сенім телефоны» жұмыс істейді. «Сенім телефонына» келіп түскен өтініштер мен шағымдар жеке тіркеліп, қарастырылады. Сондай-ақ, төменгі қабатта жеке және заңды тұлғалардың хаттары мен өтініштеріне арналған пошта жәшігі орналастырылған.
Мүдделер қақтығысын, әдеп бұзушылықты, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау бойынша, сондай-ақ осындай фактілерге көмектескені үшін жауапкершілікті түсіндіретін жадынамалар әзірленген және басқарманың қабатында (4 қабат) орналастырылған.
2019 жылдың 12 сәуірінде бекітілген «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ-дегі 2018-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары» ағымдағы жылды қамтыйтындықтан, жоспарды іске асыру мақсатында басқарма қызметкерлеріне жаппай оқытудың іс-шаралар жоспары жаңартылған.