2023 жылы эпизоотияға қарсы іс шараларды жүргізуге 1 млрд. 530 млн. теңге бөлінді.
Жыл басынан манипуляциядан өткен малдың саны – 6,9 млн. бас (оның 5,5 млн. басы 12 түрлі аса қауіпті ауруларға қарсы егіліп, 1,4 млн. басы 10 аса қауіпті аурулар бойынша диагностикалық тексеруден өтті).
Бекітілген жоспарға сәйкес егілгені: құтыруға қарсы барлық мал түрі – 63,0 мың бас; аусылға – 1,8 млн. бас; сібір жарасына – 1,5 млн. бас, обаға қарсы – 935 бас; ІҚМ қарасанына – 323,0 мың бас; жоғары патогенді құс тұмауына- 1,5 млн. бас, жылқы ринопневмонияға – 15,0 мың бас, жылқы сақауына – 50,0 мың бас, сальмонеллезге қарсы – 16,5 барлық мал түрлері туберкулинизациясы – 123,4 мың бас; жылқы маңқасына - 20,3 мың бас; нодулярлы дерматитке – 137,0 мың бас; ҰММ күллі – 1,1 мың бас; дегельминтизация – 4,3 мың бас.
Бруцеллезге зерттелген 495,6 мың бас ІҚМ дың 2 162 басы ауруға оң нәтиже көрсетті, зақымдануы 0,4%, 788,4 мың бас қой-ешкінің, 48 басы ауруға оң нәтиже көрсетті, зақымдануы 0,006% құрады.
Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитариялық союдан өткізу мақсатында, ет өңдеу кәсіпорындарымен меморандум («Арай КЗ» ЖШС - Қарағанды қ., «Кобелев» ЖШС - Нұра К. және «Арнур» ЖШС-Жамбыл облысы, «Бижан»ЖШС , «Астана агропродукт» ЖШС – Ақмола облысы) жасалды.
Ауруға оң нәтиже көрсеткен 638 бас ІҚМ санитариялық союдан өткізіліп, мал иелеріне жалпы соммасы 72 млн. 768 мың теңге көлемінде өтемақы төленді.
2023 жылғы жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын-алу үшін облыстық бюджеттен 30 млн.теңге бөлініп, жылқының сақауына қарсы 50,0 мың доза және сальмонеллездік іш тастауына қарсы 16,5 мың доза ветеринариялық препараттар сатып алынды.
2023 жылы облыс аумағында жануарлардың аса қауіпті ауруларының 9 түрі бойынша 22 қолайсыз ошақтар тіркеліп, оның 17 ошағы сауықтырылды, қалған 5 ошақта - сауықтыру шаралары жалғасуда.
Анықтама: ІҚМ вирустық диарея – (2); ІҚМ инфекциялық ринатрахеит (2); ІҚМ туберкулезі (1); ІҚМ қарасаны (4); ІҚМ құтыруы (1); ІҚМ бруцеллезі (5); Құстардың Ньюкаслы (1); Сібір жарасы (1);шектеу/карантин алынды.
ІҚМ туберкулезі (1); ІҚМ бруцеллезі – (1); жылқы лимфангиті (1); ІҚМ құтыруы (2), сауықтыру шаралары жалғасуда.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру шаралары жүргізіліп, деректер базасына енгізілуде.
Жыл басынан бірдейленгені - 663,9 мың бас, оның ішінде:
ІҚМ – 198, 1 мың бас;
ҰММ – 305, 9 мың бас;
Жылқы– 60, 2 мың бас;
Шошқа – 99,1 мың бас.
Түйе – 344 бас.
Барлық бірдейленген мал бастары АШЖБ веб-порталына 100% енгізілді.
Облыс аумағында 105 мал қорымдары бар,оның 42 типтік, 63 қарапайым.
2023 жылы облыстық бюджеттен мал қорымдарын күтіп-ұстауға және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге 42,6 млн.теңге бөлінді. Барлығы 8 мал қорымының (Шет ауданында -2, Бұқар-Жырау-1, Ақтоғай-3, Қарқаралы-1, Приозерск - 1) жағдайы талаптарға сәйкестендірілді.
Сонымен қатар, эпизоотиялық ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету бағытында 18 инсинератор жұмыс істейді, оның 14 стационарлық, 4 жылжымалы.
Осакаровка ауданында 2 мал қорымы (Осакаровка к, Ақбұлақ с.) салынып, аудандық ветеринариялық станциясының балансына берілді.
Шет ауданында 7 объектіге, Абай ауданында 1 объектіге жобалық - сметалық құжаттамалар әзірленді.
Жергілікті жерлерде ветеринариялық қызметтердің сапасын жақсарту үшін, Ақтоғай ауданының Ақтоғай селосында және Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде ветеринариялық пункттердің құрылысы аяқталып, қолданысқа берілді.
Жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыруға қатысты 2023 жылы қаңғыбас жануарлардың санын реттеуге облыстық бюджеттен 146,7 млн. теңге бөлінді.
Өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындысы бойынша 38 млн.603 мың теңгеге шарттар жасалды. Қалған 108 млн. 103 мың теңге бюджетке қайтарылды.
Жарияланған ашық конкурстардың нәтижелерінде, 3 қызмет көрсету бойынша (қаңғыбас жануарларды аулау және жансыздандыру, бірдейлендіру, вакцинациялау және стерилизациялау) әлеуетті өнім берушілермен, келісім-шарттар жасалды. Қаңғыбас иттер мен мысықтардың санын реттеу «аулау – стерилизациялау – вакцинациялау – шығару» (ОСВВ) қағидаты бойынша жүргізілді. Нәтижесінде барлығы 2000 қаңғыбас ит, мысық ауланып, олардың 1008-і бірдейлендіру, вакцинация, стерилизация шаралары жүргізілгеннен кейін, бұрынғы мекендеу орындарына шығарылды. Жануарлар мен адамдарға, топтасқан қаңғыбас иттер қауіп төндірген жағдайда, ветеринариялық станциялар 992 қаңғыбас итті аулап, жансыздандырды.
2023 жылы ветеринариялық станцияларға облыстық бюджеттен 100 млн. 128 мың теңгеге 1 бірлік жүк автокөлігі (Камаз), 1 бірлік тіркеме (Нефаз 8560-02), 1 бірлік УАЗ негізіндегі автокөлік , 1 бірлік фургон (Рефрижератор), 273 бірлік жаппай егуге арналған құрал (Шилов аппараты), 17 дана Дьюар ыдысы, 136 дана чиптерді оқу сканерлері, 13 дана дезинфекциялауға арналған рюкзак бүріккіштер сатып алынды.