2022 жылы «Ветеринария» блогы бойынша атқарылған жұмыстар

Қарағанды облысының ветеринария басқармасының штат саны 22 бірлікті құрайды, 4 салалық және 2 қосалқы бөлімнен тұрады.

Ережеге сәйкес өңірде 32 бейіндік функция берілген эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз етеді.

Бағынысты  4 филиалымен қоса 9 Ветеринариялық станциясы бар, онда 700 қызметкер жұмыс істейді, оның 621-і салалық мамандар.

Басқарма 16 Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі болып табылады.

Анықтама: 001 - «Жергілікті деңгейде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы; 003 - «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасы; 008 - «Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету» бағдарламасы; 010 - «Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру» бағдарламасы; 011 - «Жануарлар мен адам денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген құнын иелеріне өтеу» бағдарламасы; 012 - «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын алу және диагностикалау бойынша ветеринариялық іс-шаралар жүргізу» бағдарламасы; 013 - «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу» бағдарламасы; 014 - «Эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу» бағдарламасы; 028 - «Ветеринариялық препараттарды уақытша сақтау пунктіне дейін тасымалдау жөніндегі қызметтер» бағдарламасы; 030 - «Жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы бойынша ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді орталықтандырылған сатып алу, оларды сақтау мен тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру» бағдарламасы; 032 - «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау» бағдарламасы; 033 - «Қараусыз және қаңғыбас жануарларды бірдейлендіру» бағдарламасы; 034 - «Қаңғыбас жануарларды вакцинациялау және зарарсыздандыру» бағдарламасы; 035 - «Иелері  халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын  бірдейлендіру» бағдарламасы; 040 - «Мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды материалдық-техникалық жарақтандыру үшін қызметкерлерді жеке қорғау құралдарын, аспаптарды, құралдарды, техниканы, жабдықтар мен мүкәммалды орталықтандырылған сатып алу» бағдарламасы; 109 - «Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резерві есебінен ағымдағы іс-шараларды өткізу» бағдарламасы.

Ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды іске асыру үшін 2022 жылы 1 263,8 млн.теңге бөлінді.

Жануарлардың аса қауіпті ауруларына қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілді.

Бруцеллезге зерттелген 550, 0 мың бас ІҚМ, 2 178 басы оң нәтиже көрсетті, зақымдануы – 0,4% құрады.

Зерттелген 811 мың бас  ҰММ, 52 басы оң нәтиже көрсетті, зақымдануы – 0,01% құрады.

Оң нәтиже көрсеткен жануарларды санитариялық союға жіберілді.

Сонымен қатар, 2 018 бас шошқа, 1 207 бас жылқы, 843 бас итқоректілер зерттеуден өтті.

Жыл басынан 11 түрлі аса қауіпті ауылшаруашылығы жануарларының ауруларына манипуляциядан өткені – 4 млн. 970,0 мың. бас, (оның ішінде 4 млн.936,0 мың  бас егілді, 34,0 мың бас  диагностикалық тұрғыдан зерттелді).

Анықтама: Бекітілген жоспарға сәйкес егілгені: құтыруға қарсы барлық жануарлардың түрлері – 122,8 мың бас; сібір жарасына қарсы барлық жануарлардың түрлері – 1 361,0  мың бас, обаға қарсы – 875 бас түйе; қарасанға қарсы– 327,3 мың бас ІҚМ; нодулярлы дерматитке қарсы – 295,8 мың бас ІҚМ; жоғары патогенді құс тұмауына қарсы-1 031,4  мың бас құс, ринопневмонияға  – 17,1 мың бас жылқы, 1120 ІҚМ, ҰММ, шошқаны тестілеу – 1 млн.746,0 мың бас; 2 түрлі жануарларға (ІҚМ, түйе) туберкулинизация жүргізу – 31 мың бас; дегельминтизация – 1200 ит,  малейнизация – 2 950 бас жалқы.

 

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру АШЖБ дерекқорына енгізіле отырып, уақтылы жүргізіледі. Жыл баснына барлығы – 612,1 мың бас жануар бірдейлендіруден өтті.

Анықтама: Оның ішінде:

ІҚМ – 172,2 мың бас;

ҰММ – 303,1 мың бас;

Жылқы – 49,7 мың бас;

Түйе – 228 бас;

Шошқа – 86,9 мың бас.

 

Есепті кезеңде жергілікті жерлерде ветеринариялық қызметтер көрсету сапасын жақсарту мақсатында, Абай ауданының Дубовка, Нұра ауданының Ахметауыл және Ақтоғай ауданының Ақтоғай селоларында ветеринариялық пункттер ғимараттарының құрылысы аяқталды.

Бұқар Жырау ауданында осындай нысандардың құрылыс жұмыстары жалғасуда.

Chevrolet cobalt-13 және Chevrolet Nexia-13 маркалы 26 автомобиль сатып алынды (Абай-2, Ақтоғай-3, Нұра–2, Шет–3, Бұқаржырау-3, Қарқаралы-2, Осакаровка-2, Балқаш-1, Қарағанды-1), оның ішінде Ұлытау облысына 7 автокөлік берілді.

Ветеринариялық-санитариялық іс-шараларды қаржыландыру көлемінің ұлғаюына байланысты ветеринариялық мамандардың жалақысы 20-30% - ға артты.

Справочно: Орташа жалақы көлемі:

Ветстанция басшысы 230-250 мың тг.

Вет.пункт меігерушісі 190-220 мың тг.

Ветеринарлық дәрігер 160-180 мың тг.

Ветеринарлық фельдшер 100-110 мың тг.

Ветеринарлық санитар 90 мың теңге.

 

170 ауылдық (кенттік) округтерде 103 мал қорымы бар, оның ішінде: 40 типтік және 63 қарапайым.

«Ветстанция» ШЖҚ КМК балансында бар мал қорымдарын ұстауға ағымдағы жылы 40,2 млн. теңге қаржы бөлініп,  оның 34,7 млн. теңгесі игерілді. (күтіп ұстау – 16,6 млн.теңге  ағымдағы жөндеу жұмыстары – 18,1 млн. теңге)

Барлығы 18,1 млн. теңге қаржыға 8 мал қорымы талаптарға сәйкестікке келтірілді. (Ақтоғай - 3, Нұра – 1, Шет  аудандарында – 2 және Саран – 1, Шахтинск қалаларында – 1)

Сондай-ақ эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында 18 инсинератор (биоқалдықтарды жою үшін) пайдаланылады, оның ішінде 14 стационарлық, 4 жылжымалы.

Осакаров ауданында 2 мал қорымының құрылысы аяқталды, қазіргі уақытта «Осакаров ауданының ветеринарлық станциясы» ШЖҚ КМК балансына беру үшін, құжаттар ресімделуде. Сонымен қатар, облыс бойынша мал қорымдарының (Бекқари шұңқыры) қажеттілігі 105 бірлікті құрайды.

ЖАО ветеринария саласында 3 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетеді, оның ішінде тікелей басқарма – 1 (жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беру). Ветеринариялық станциялар ветеринария саласында 2 мемлекеттік қызметті көрсетеді ("Ветеринария туралы"2002 жылғы 10 шілдедегі ҚР Заңының 11-бабының 4-тармағына сәйкес). Бұл ветеринариялық анықтама және ветеринариялық паспорт беру.

Жыл басынан бері ветеринариялық станциялар жеке және заңды тұлғаларға 44 489 мемлекеттік қызметтерді көрсетті, оның ішінде 37 299 ветеринариялық анықтама, 7 190 ветеринариялық паспорт.

Мал иелеріне залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және алынбай өңделген жануарлардың құнын өтеуге 43,012 млн.теңге бөлініп, 42,994 млн. теңге төленді. Барлық ауру жануарлар өңдеуге тапсырылды.

 

2023 жылға арналған жоспарлар:

Облыс аумағында эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету:

- эпизоотияға қарсы, энзоотиялық және диагностикалық іс-шараларды уақтылы жүргізуді ұйымдастыру;

 - АШЖБ деректер базасына енгізе отырып, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуді ұйымдастыру.

2023 жылға арналған эпизоотияға қарсы іс-шаралар жоспарына сәйкес аурудың 12 түріне (құтыру, сібір жарасы, эмкар, аусыл, шешек, оба, туберкулез, нодулярлық дерматит және т.б.) қарсы 4,3 млн. манипуляция жүргізу жоспарлануда, бюджеттен 1 529,0 млн. теңге бөлінеді.

Мемлекет басшысы 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке ветеринария саласында реформа жүргізуді және саланы цифрландыру қажеттілігін тапсырды.

Қазіргі жағдайда бірқатар проблемалық мәселелерге қатысты:

  1. Ветеринария мамандары мәртебесінің болмауына және жалақының төмендігіне байланысты ветеринария мамандарының тапшылығы; (қажеттілік 72 бірлік).
  2. Ветеринариялық пункттер мен мал қорымдарының жетіспеушілігі; (151 вет.пункт, 67 мал қорымы).
  3. Қараусыз қалған иттер мен мысықтарды уақытша ұстау пункттерінің тапшылығы; (7 УҰП).
  4. Ветстанциялар мен ветпункттердің автокөліктерін жаңарту; (142 автокөлік, ауру жануарларды тасымалдайтын 1 автокөлік).
Дата публикации
06 января 2023