Бүгінгі күні «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ (бұдан әрі – Басқарма) бір мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ол «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру». 2021 жылы осы қызметті алу үшін қолма-қол немесе электрондық өтініштер түскен жоқ.
Басқарманың ведомстволық қарамағында 12 ветеринариялық станция бар, оның ішінде Қарағанды облысы әкімдігінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 89/04-89/07 қаулысы негізінде, 4 ветеринариялық станцияға қалған 6 қалалық станцияны қосу жолымен реорганизация жүргізілді.
Ветеринарлық станциялармен екі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Ветеринариялық анықтама және ветеринариялық паспорт беру.
2021 жылы жеке және заңды тұлғаларға ветеринария саласында 58 562 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде 43 972 ветеринариялық анықтама, 14 590 ветеринариялық паспорт.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылға арналған мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі ішкі бақылау жоспарына (Басқарманың 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 111 және 2021 жылғы 2 тамыздағы № 67 бұйрықтарымен бекітілген) сәйкес, барлық «Аудандық/қалалық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарында бақылау іс-шаралары өткізілді және қорытындысы бойынша 16 ветеринариялық маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды (оның ішінде 8 ескерту, 6 сөгіс және 2 қатаң сөгіс). Барлық ветеринариялық станцияларда мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын түсіндіру бойынша жалпы құқықтық оқыту өткізілді.