Қарағанды облысының ветеринария басқармасының 2020 жылға арналған мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі
Аналитикалық анықтамасы
Бүгінгі таңда «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ-і бір мемлекеттік қызмет көрсетеді. Бұл «ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру». 2020 жылы Басқарма заңды тұлға үшін ветеринария саласында лицензия беру бойынша бір мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Аудандық және қалалық ветеринария бөлімдерінің таратылуына байланысты, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдары «ветеринариялық станциялар» ШЖҚ КМК ағымдағы жылғы 10 шілдеде Қарағанды облысы әкімдігінің қаулысымен облыс деңгейіне өтті. ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес мүліктік кешендердің деректерін табыстау-қабылдау актілеріне қол қойылды.
Қарағанды облысы әкімдігінің 16 маусымдағы «Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта атау туралы» қаулысымен ветеринариялық станциялар «Қарағанды облысының ветеринария басқармасының аудандық/қалалық ветеринариялық станциясы ШЖҚ КМК» болып өзгертілді. Осы қаулыны орындау үшін аталған кәсіпорындар қайта тіркеліп, Басқарманың ведомстволық бағыныстылығына өтті.
Осыған байланысты, Басқарма 2020 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап өзінің ведомстволық бағынысты ұйымдары үшін есеп берді.
Сондай-ақ, ағымдағы жылы Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге ішкі бақылау жүзеге асырылмағанын хабарлаймыз.
Ескерту! Ветеринария саласындағы мемлекеттік қызметтер стандарты Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес келтірілмеген. Осыған байланысты есеп қолданыстағы стандартқа сәйкес орындалды.
«Қарағанды облысының
ветеринария басқармасы» ММ
басшысы К. Турсынбеков