«Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысының 2021 жылғы 22 қаңтардағы № 11 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ-нің 2021-2023 жылдарға арналған іс-шаралар ЖОСПАРЫ
|
№ |
Іс-шаралар атауы |
Аяқталу үлгісі |
Жауапты орындаушылар |
Орындалу мерзімі |
|
1 |
Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында Басқарма қызметкерлерімен жүргізілетін жалпыоқытудың жоспарын бекіту. |
Бұйрық, жоспар. |
құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
2021-2023 жылдардың 1 тоқсаны |
|
2 |
Қызметкерлер үшін дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастыру |
Дөңгелек үстел, жиын |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
Жыл ішінде |
|
3 |
Орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысы туралы, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылыққа тартылғандар (2018 жылғы қаңтардан), мемлекеттік қызметтен босатылғандар туралы ақпарат (толық анкеталық мәліметтер, фотосурет) орналастыру қамтамасыз ету. Сонымен бірге, тұрғындардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетте іс-шаралар бойынша тиісті ұсыныстар енгізу мүмкіндігін қамтамасыз ету (блог форматында, бұл ұсыныстарды ашық қолжетімділікте сайтта тұрақты орналастырумен) |
Интернет-ресурстардағы тауарлар |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман,
|
Жыл ішінде |
|
4 |
Құнды сыйлықтарды қабылдауды реттемелеуші мемлекеттік орган басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдауын әзірлеу және қамтамасыз ету |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдау |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман, қызметкерлерді басқару жөніндегі бас маман |
2021-2023 жылдардың 1 тоқсаны |
|
5 |
«Сенім телефонымен» және бірінші басшылардың жеке қабылдау кестелерімен, ақпараттық стендті әзірлеу және орналастыру, сонымен қатар «сенім телефонының» хаттарын қарастыру, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған пошта жәшігінің қызмет ету бойынша жұмыстар жалғастырылсын |
Стендті, хаттарға арналған пошта жәшігін орналастыру, «сенім телефонына» келіп түскен өтініштердің журналын жүргізу |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
2021-2023 жылдардың 1 тоқсаны |
|
6 |
Мемлекеттік сатып алу тәртібін өткізудің ашықтығын арттыру |
Облыс әкімі аппаратының АҚЖ-ға ақпарат |
Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі |
2021-2023 жылдардың 1 тоқсаны |
|
7 |
Дискрециялық өкілеттіктерді анықтау және алып тастау үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге талдау жүргізу |
Тоқсандық есептеме дайындау |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
Жыл ішінде |
|
8 |
Сыбайлас жемқорлықтық құқық бұзушылық жасаған тұлғалар туралы ақпаратты, мемлекеттік мекемеде орналастыруды қамтамасыз ету (өмірбаяндық мәліметтер, фотосурет, құқық бұзушылық туралы мәліметтер) |
Тақта орнату |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
Үнемі |
|
9 |
Қызметте үздік нәтижелер көрсетуші тұлғалар туралы ақпаратты үнемі орналастырылатын, «құрмет тақтасын» мемлекеттік мекемелерде орналастыруды қамтамасыз ету, сонымен қатар «Үздік мемлекеттік қызметкер» және т.б. атақтарды ұсыну мақсатында мемлекеттік қызметкерлердің қызметін ішкі бағалауын міндетті түрде тоқсан сайын өткізу |
Тақта орнату |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
Үнемі |
|
10 |
Азаматтардың тарапынан сыбайлас жемқорлықтық көріністерге және мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтық тәртібін ескертуге бағытталған, әлеуметтік жарнамасы бар шағын-плакаттарды мемлекеттік органдар орналасқан ғимараттар мен жайларға орналастыру |
Шағын плакаттар орнату |
Қаржылық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімі
|
Жыл сайын |
|
11 |
Автомобиль шанағына мемлекеттік мүлік статусын бекітетін айырым белгісін орналастыру |
Айырым белгісін орналастыру |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
Үнемі |
|
12 |
Әлеуметтік желілерге тіркелу, әлеуметтік желілерге мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттары бойынша ақпарат салу
|
Мақалалар, аудио және бейнероликтер салу |
Пресс-секретарь Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
Үнемі |
|
13 |
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік қызметте Әдеп кодексін сақтау бойынша тұрақты мониторинг жүргізу. |
Мемлекеттік қызметкерлермен шектеулер қабылдау |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман |
2021-2023 жылдардың 1 тоқсаны |
|
14 |
Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында комплаенс-қызметтерді құру. |
Шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар «Аудандық, қалалық ветеринариялық станциялар» ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметін жүзеге атқаратын мамандарды, бөлімдерді тағайындау. |
Құқықтық қамтамасыз ету бойынша бас маман Квазимемлекеттік секторлардың басшылары |
2021-2023 жылдардың 1 жартыжылдығы |