Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Ветеринария

 Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыру ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Ветеринариялық іс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, оларды емдеуді немесе диагностикасын қоса алғанда, олардың пайда болуын, таралуын болғызбауға немесе оларды жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін аса қауіпті аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнімділігін арттыруға; жануарлар мен адамның денсаулығын жұқпалы, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қоса алғанда, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп және жемшөп қоспаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған эпизоотияға қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсімдер кешені.

2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылғы міндеттер

 Эпизоотияға қарсы іс-шаралар:

2021 жылы эпизоотияға қарсы іс шараларды жүргізуге 1,47 млрд. теңге бөлінді.

775,0 мың бас бруцеллезге зерттелді. Оның ішінде 2 910 бас оң нәтиже берді. Залалдану пайызы – 0,4% құрайды.

1,3  мың бас   ҰММ зерттелді. 48 бас мал оң нәтиже берді. Залалдану пайызы – 0,01. Барлығы қайта өңдеуге тапсырылды.

Жыл басынан 12 түрлі аса қауіпті ауылшаруашылығы жануарларының ауруларына манипуляциядан өткен мал басы – 6,4 млн. бас, (оның ішінде 4,2 млн. бас егіліп, 2,2 млн. бас  диагностикалық тексеруден өтті).

Бекітілген жоспарға сәйкес егілгені: құтыруға қарсы барлық мал түрі – 148,0 мы бас; сібір жарасына – 2,0 млн. бас, обаға қарсы – 1,4 мың бас; ІҚМ қарасанына – 492,0 мың бас; жоғары патогенді құс тұмауына- 672,0 мың бас, вирусты диарея және ІҚМ ринатрахеитіне қарсы – 15,0 мың бас, жылқы ринопневмонияға – 18,0 мың бас, жылқы сақауына – 82,0 мың бас, сальмонеллезге қарсы – 34,0 барлық мал түрлері туберкулинизациясы – 40 мың бас; жылқы маңқасына -  1,1 мың бас; нодулярлы дерматитке – 632,0 мың бас.

2021 жылға арналған жануарлардың энзоотиялық ауруларының алдын-алу үшін ветеринариялық препараттарды сатып алуға облыстық бюджеттен 49,3 млн.теңге бөлінді, ІҚМ тейлериозына қарсы  33,8 мың доза және жылқыны сақауына  82,1 мың доза алынды.

Ағымдағы жылы 32 қолайсыз пункттер тіркелді, оның 23-і қалпына келтірілді, 9-да сауықтыру шаралары жалғасуда (бруцеллез Нұра ауданында, ІҚМ вирусты диареясы Ұылтау және Шет аудандарында, жұқпалы ринатрахеит Шет ауданында, ІҚМ туберкулезы Абай ауданында, ҰММ шекшегі Нұра ауданында, ІҚМ қарасаны Қарқаралы ауданында).

Ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру:

Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру   компьютерлік деректер базасына енгізе отырып, дер кезінде жүргізіледі.

Жыл басынан бірдейленгені  - 985,7 мың бас, оның ішінде ІҚМ – 272,1 мың бас;

ҰММ – 491,9 мың бас;

Жылқы– 103,8 мың бас;

Түйе – 365 бас;

Шошқа – 117,6 мың бас.

Барлық бірдейленген мал бастары АШЖБ веб-порталына  100% енгізілді.

Мал көмінділері және өлекселерді жағу пеші бойынша

219 ауылдық (кенттік) округтердің 112-де мал көмінділері бар,оның 49  типтік және 63 қарапайым.

«Ветстанция» ШЖҚ КМК баланысындағы мал көмінділерін күтіп-ұстауға ағымдағы жылы  44,2 млн. теңге бөлінген.

Сонымен қатар, эпизоотиялық салауаттылықты қамтамасыз ету үшін 24 инсинератор пеш жұмыс істейді (биологиялық қалдықтарды жою үшін) оның 18-і стационарлық, 6-ы жылжымалы.

Осакаров ауданында 2 мал қорымдарын салу құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Ветеринариялық пункттерге қатысты

Жергілікті жерлерде эпизоотиялық жағдайдың тұрақтылығын сақтау және ауылдық округтердегі ветеринариялық пункттерді үй-жайлармен қамтамасыз ету мақсатында 2021 жылы Абай ауданының Дубовка ауылындағы ветеринариялық пунктінің ветеринариялық пунктінің құрылысы аяқталды. Нұра ауданының Ахметауыл ауылында нысан құрылысы аяқталуға жақын.

Ақтоғай, Бұқар Жырау аудандарында құрылыс жұмыстары басталды.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау бойынша

Жануарлар мен адамдар арасында құтырудың пайда болу және таралу көздерін болдырмау үшін қаңғыбас жануарларды аулау және жою жұмыстары жүргізілуде.

Қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауға бюджеттен 76,5 млн.теңге бөлінді.

Аудан, қала ветеринариялық станциялардың ақпаратына сүйенсек, 16 396 ит және 983 мысық ауланып жойылды.

2022 жылғы міндеттер:

Облыс аумағында эпизоотиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету:

- ветеринариялық іс-шараларды (диагностикалық, профилактикалық, энзоотиялық) жүргізуді ұйымдастыру;

-ауыл шаруашылық жануарларын бірдейлендіруді және дерекқор жүйесіне енгізуді ұйымдастыру.

 

Қарағанды облысының ветеринария басқармасы ММ басшысы

К.С.Турсынбеков

 

Документы
Бағдарлама
09 февраля 2023
Қарағанды облысының ветеринария басқармасы
2023-2025 жылдарға арналған бюджеттік бағдарлама
Мемлекеттік сатып алу жоспары
09 февраля 2023
Қарағанды облысының ветеринария басқармасы
2023 жылға арналған мемлекеттік сатып алу жоспары
Басқа
16 января 2023
Қарағанды облысының ветеринария басқармасы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарт
Новости
Полезные материалы
Ауыл шаруашылық жануарларына тән аурулар туралы, Қарағанды облысының бас ветеринар дәрігері айтып берді
2021 жылы атқарылған жұмыстар және 2022 жылғы міндеттер
2020 жылдың 1 жартыжылдығы бойынша ақпарат
Медиагалерея
1
Мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды) салуды, реконструкциялауды ұйымдастыру және оларды күтіпұстауды қамтамасыз ету
1
Ветеринариялық қауіпсіздік
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Қарағанды облысының ветеринария басқармасының "Қарқаралы аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Қарағанды облысының ветеринария басқармасының "Нұра аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны
Қарағанды облысының "Осакаров аудандық ветеринариялық станциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Часто задаваемые вопросы
Ауылдық жерлердегі мал қорымдарының болмауы мәселелері қалай шешілуде?

Мал қорымдарының құрылысын ұйымдастыру, инсинераторларды пайдалану.

Социальные медиа

Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы