
Жакетаев Амандык Сакенович, 1988 жылдың 22 шілдесінде Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген.
2009 жылы "Мал дәрігерлігі" мамандығы бойынша Қарқаралы ауылшаруашылығы колледжін аяқтаған;
2015 жылы "Жерге орналастыру" мамандығы бойынша Қазақ инженерлік-техникалық академиясын тәмәмдаған;
2019 жылы "Ветеринариялық медицина" мамандығы бойынша Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетін аяқтады.
Еңбек жолын 10.08.2009 жылы «Саккулаков» ЖК Нұра ауданының Щербаков ауылдық округінің ветеринариялық дәрігері болып бастаған.
17.10.2011 – 30.12.2011 жылдар аралығында «Топар кентінің әкімі аппаратының» еңбек шарты негізінде ветеринариялық дәрігері.
30.12.2011 – 01.08.2012 жылдар аралығында «Топар кентінің әкімі аппараты» ММ ветеринария бойынша бас маманының міндетін атқарушысы.
01.08.2012 – 01.05.2014жылдар аралығында «Топар кентінің әкімі аппараты» ММ ветеринария бойынша бас маманы.
04.05.2014 – 02.03.2015 жылдар аралығында «Абай ауданының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ ветеринары.
16.02.2015 – 18.06.2015 жылдар аралығында «Абай ауданының ветеринария бөлімі» ММ іс жүргізушісі және аудармашы.
18.06.2015 – 27.07.2015 жылдар аралығында «Абай ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маманының міндетін атқарушысы.
08.07.2015 – 05.01.2016 жылдар аралығында «Абай ауданының ветеринария бөлімі» ММ бас маманы.
06.01.2016 – 29.08.2019 жылдар аралығында «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар, ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және ТЖ бөлімінің бас маманы.
02.09.2019 - 30.06.2020 жылдар аралығында «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ветеринариялық-санитарлық іс-шаралар, ауылшаруашылығы жануарларын сәйкестендіру және ТЖ бөлімінің басшысы.
01.01.2020 – 18.06.2024 жылдар аралығында «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ ветеринариялық-санитариялық объектілердің жұмыс жасауын және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің бөлім басшысы.
19.06.2024 жылдан бастап облыс әкімінің өкімімен «Қарағанды облысының ветеринария басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.