Қарағанды облысы әкімдігінің 2023 жылғы 26 мамырдағы №34/01 «Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтерін белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
көрсетілген қаулының 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Қарағанды облысы бойынша жолаушыларды ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобильмен әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифтері қолма-қол төлеу кезінде келесі мөлшерде белгіленсін:
1) №100 «Қарағанды (14 ықшам аудан арқылы)-Теміртау» - 250 (екі жүз) теңге;
2) №107 «Қарағанды-Теміртау» - 250 (екі жүз елу) теңге;
3) №121 «Қарағанды-Шахтинск» - 250 (екі жүз елу) теңге;
4) №122 «Қарағанды-Топар» - 250 (екі жүз елу) теңге;
5) №127 «Қарағанды-Шахан» - 250 (екі жүз елу) теңге;
6) №146 «Қарағанды-Абай» - 250 (екі жүз) елу теңге;
7) №165 «Қарағанды-Саран» - 250 (екі жүз елу) теңге;
8) №205 «Шахтинск-Абай» - 250 (екі жүз елу) теңге;
9) № 239 «Шахтинск-Топар»- 250 (екі жүз елу) теңге;
10) нұсқалған маршруттар бойынша Интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде - 120 (жүз жиырма) теңге.»
Қарағанды
облысының әкімі Е. Бөлекпаев