Қарағанды облысы әкімдігінің
2023 ж 15.09. қаулысына қосымша
Қарағанды облысы әкімдігінің
2018 жылғы «17» шілде
№ 36/03 қаулысымен
бекітілген
Ережесі
1) көліктің барлық түрімен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру;
2) жергілікті деңгейдегі жолдардың құрылысы, жөнделуі және ұсталуына байланысты жұмыстарды ұйымдастыру.
1) Құқықтары
1) жергілікті атқарушы органдардан, облыстық комитеттер мен басқармалардан, ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне қарамастан облыс территориясында орналасқан кәсіпорындар мен ұйымдардан Басқарманың функциясын орындау үшін қажетті ақпараттарды сұрауға және алу;
2) жергілікті атқарушы органдарына Басқарма өкілеттігі шеңберіндегі жекелеген мәселелерді шешу үшін материалдар даярлауды тапсыруға, Басқармаға жүктелген функцияларды орындау үшін басқа басқармалар мен ұйымдардың басшыларының келісімімен олардың қызметкерлерін тарту туралы ұсыныстармен шығу;
2) Міндеттері:
1) белгіленген тәртіп бойынша Басқарма жанынан мамандар құрамынан консультативтік, қоғамдық кеңестер, сарапшылар тобын құру;
2) міндеттерді жүзеге асыруға байланысты шешімін табу республикалық деңгейде қамтамасыз етілетін ұсыныстарды тиісті министрліктер мен ведомстволардың қарауына енгізу;
3) облыс әкіміне және облыс әкімінің жетекшілік жасайтын орынбасарына Басқарма жұмысын жақсарту туралы ұсыныстар енгізу;
4) белгіленген тәртіппен Басқарманың өкілеттігіне жататын мәселелер бойынша кеңестер шақыру;
5) Басқармаға заңнамамен жүктелген басқа да құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
3) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімдігінің отырыстарына материалдар даярлауға қатысу;
4) қаларалық облысаралық, ауданаралық (облыс ішіндегі қалааралық) бағыттарды жалғастыратын жолаушылар мен жүктерді тұрақты автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру, оларға қызмет көрсету құқығын беретін конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
5) автомобиль көлігімен тұрақты ауданаралық (қаларалық облысішілік) жолаушыларды және жүк тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту;
6) тұрақты қаларалық облысаралық жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаудың маршруттары мен қозғалыс кестелерін келісу;
7) автовокзалдар мен автостациялардың тізілімін жүргізу;
8) автомобиль көлігімен ауданаралық (қалааралық облысішілік), әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын жүзеге асыру барысында тасымалдаушылардың шығындарын субсидиялауды жүзеге асыру;
9) теміржол көлігімен ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы жолаушылар қатынасын ұйымдастыру;
10) әлеуметтік маңызы бар ауданаралық (облысішілік қалааралық) және қала маңындағы қатынастар бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушының шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялау;
11) автовокзалдардың, автостанциялардың және жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
12) тұрақты ауданаралық (қалааралық облысаралық) жолаушыларды және жүкті автомобиль көлігімен тасымалдаудың маршруттары тізімін жүргізу;
13) халықаралық және республикаiшiлік қатынастарда қауiптi жүктердi тасымалдауды жүзеге асыратын автокөлiк құралдарының жүргiзушiлерiн арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыруды бастағаны туралы хабарлама
берген жеке және заңды тұлғалардың тізілімін жүргізеді;
14) төтенше жағдайлар болған жағдайда тасымалдауды уақытша тоқтату жөнінде шешім қабылдау;
15) ауданаралық (қалааралық облысішілік) және қала маңындағы теміржол қатынастары бағыттарын анықтау;
16) авиамаршруттың тиiмдi жұмыс iстеуiне қажеттi кiрiс деңгейiн қамтамасыз етпейтiн тұрақты ішкі (облысішілік) тасымалдарды субсидиялауды жүзеге асыру;
17) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жол қызметін қаржыландыруға арналған қаржыны пайдаланудың тәртібін анықтау және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету;
18) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес, облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңартуы, жөндеуі және күтіп ұстауы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
19) облыстық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары торабын басқару;
20) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының құрылысы, қайта жаңартуы, жөндеуі және күтіп ұстау жұмыстарын жүргізу барысында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
21) теміржол, автомобиль көлігі және автожолдар бойынша заңнамалар талаптарын орындау мәселелері бойынша аудандық және қалалалық аумақтық органдар қызметін үйлестіру;
22) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес лицензиялауды жүзеге асырады;
23) механикалық көлік құралдары мен олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудан өткізу кестесін келісу;
24) жетекшілік ететін салада сандық технологияларды дамыту;
25) мемлекеттік орган қызметкерлерінің сандық сауаттылығын көтеру үшін жағдай жасасу;
26) ашық мәліметтер интернет-порталында жетекшілік ететін саладағы Қарағанды облысы бойынша жиынтық ашық деректерді орналастыру және өзекті қылуды қамтамасыз ету;
27) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушылар бола алады;
28) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарын жасасу.
29) мемлекеттік органның қызметінде жобалық басқаруды жүзеге асыру;
30) қоғамдық көлік қозғңалысын диспетчерлік басқаруды жүзеге асыру;
31) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
1) өзінің орынбасарлары мен Басқарманың құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
2) өзінің өкілеттігі шеңберінде Басқарманың барлық бөлімшелері үшін орындалуға міндетті бұйрықтар, тапсырмалар және нұсқаулар береді;
3) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, сол сияқты тиісті мерзімге бекітілген қаржының шеңберінде Басқарма аппаратын ұстауға арналған сметаны бекітеді;
4) заңнамаға сәйкес штаттық кесте бойынша Басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және босатады;
5) заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады;
6) құжаттардың орындалуына бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың сақталуына жауапкершілік алады;
7) банк мекемелерінде есеп айырысу және басқа есеп-шоттар ашады;
8) стратегиялық және ағымдағы жоспарларды бекітеді;
9) заңнамада белгіленген тәртіппен қызметкерлерді марапаттауды жүзеге асырады;
10) өзінің өкілеттігі шеңберінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес Басқарманың атынан басқа мемлекеттік органдар мен ұйымдарға шыға алады;
11) өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
12) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаларды сақтау бойынша жеке жауапты.
Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Басқарма мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.