«Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ
2026 жылғы «2» қарашада 2027 жылы шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау жөніндегі ашық тендер негізінде конкурс өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Конкурсқа 2014 жылы 30 қазандағы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің №113 бұйрығымен бекітілген шығыстары бюджет қаражаты есебінен субсидиялануға жататын әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша теміржол жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын тасымалдаушыларды айқындау бойынша ашық тендер негізінде конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 21-тармағымен анықталған біліктілік талаптарына жауап беретін әлеуетті қатысушылар жіберіледі.
Тасымалдаушлар Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген құжаттар тізімін тендерді ұйымдастырушының мекенжайына бекітілген конвертте тапсырады.
Ұйымдастырушының мекенжайы: Қарағанды қ., Әлиханов к-сі 13, 1-қабат, 113 каб.
Тендерлік өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзімі 2026 жылғы «30» қазан 18.30 сағатқа дейін.
Тендерлік өтінімдермен пакеттерді ашу 2026 жылғы «2» қараша 16.00 сағатта Қарағанды қ., Әлиханов к-сі 13, 1-қабат, 107 каб. мекенжайы бойынша өткізіледі.
Тендерлік құжаттар пакеті https://www.gov.kz/org/karaganda-transport?lang=kk сайтында орналастырылған.
Кепілдік қаржылық өтінімді аудару үшін тендерді ұйымдастырушының реквезиттері:
- «Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ;
- БСН 011140002856;
- «ҚР Қаржы Министрлігінің Қазынашылық комитеті» РММ;
- ЖСК KZ200702022682251001 (депозиттік шот);
- БСК KKMFKZ2A.
Қосымша ақпараттар: Мақышов Қазыбек Саятұлы.
Анықтама үшін телефондар: 8 (7212) 50-34-50 (ішкі 6360), 8-701-419-80-42.