Республика күні қарсаңында «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінің сахнасында Бөгенбай батырдың ерлігін жырлаған сөз өнері қайта түлеп, сарбаздардың үнінен тау суындай мөлдіреп төгілді. 20 қазан күні Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының ІІ – қорытынды кезеңінде Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы мен Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары жүлде жолында бақ сынасты.
Жырау Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасындағы «Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқыған жауынгерлер қазақтың батырлық эпосының құдіретін көрермен жүрегіне жеткізді. Байқау рухани қазынаны өскелең ұрпаққа аманаттап, батырлар жырын дәріптеп, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтіп, сарбаздардың отансүйгіштік сезімін шыңдай түсті.
Өнерді Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов төрағалық еткен қазылар алқасы саралады. Алқа құрамында Қарулы Күштер ардагерлері Республикалық қоғамдық қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасов және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Биби Сыздықова бар.
Қорытынды кезеңнің үздіктері:
🥇 Әбдуәлі Мұхамедәлі Мұхамедхалиұлы, 6505 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы
Жетекшісі: кіші сержант Дінғабылова Айдана Діңғабылқызы
🥈 Жумин Ермек Еркебұланұлы, 6505 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы
Жетекшісі: Ильясов Руслан Рахымжанұлы
🥉 Сайлау Әлішер Сәкенұлы, 5451 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы
Жетекшісі: Берікбаева Ақару Бақытқызы
🥉 Буранбай Манғыстау Избасарұлы, 31775 ә/б, Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығы
Жетекшісі: подполковник Арыстанов Куандық Бахытжанович
Ынталандыру сыйлығының иегерлері:
🎖️ Дәуіт Асылхан Әбилқасымұлы, 5516 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы
🎖️ Бейсембай Диас Нұрланұлы, 5516 ә/б, Ұлттық ұланның «Орталық» өңірлік қолбасшылығы
Жетекшілері: Сыдыкова Гулжайна Нұрмановна
Үздіктерді марапаттау рәсімі ертең, 22 қазан күні сағат 11:00-де Қарағанды облысы әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.
#Патриотизм #Отансүйгіштік #РеспубликаКүні #25ҚазанРеспубликаКүні #ТұлпарМініпТуАлған #ҚарағандыОблысы #БөгенбайБатыр
Республика күні қарсаңында Қарағанды облысы әкімдігінің қолдауымен, Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен әскерилер арасында «Тұлпар мініп, ту алған!» облыстық байқауының І кезеңі басталды. Жырау Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасындағы «Бөгенбай батыр» жырын жатқа оқу бойынша ұйымдастырылған сайыстың алғашқы күні «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде өтіп, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығының сарбаздар өнер көрсетті.
Байқаудың мақсаты – қазақ халқының рухани қазынасын өскелең ұрпаққа жеткізу, халық ауыз әдебиеті мен фольклорды насихаттау, сарбаздардың отансүйгіштік сезімін арттыру және мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту.
Сайыс Мемлекет басшысының мемлекетшілдік сананы нығайту және кітап оқу мәдениетін дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында ұйымдастырылды. Байқауға жалпы 500-ден астам сарбаз, сондай-ақ оларды дайындайтын 100-ден астам әскери жетекші тіркелген.
Сарбаздардың өнерін білікті қазылар алқасы бағалады. Алқа төрағасы – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының докторы Жансая Жарылғапов. Алқа құрамында Қарулы Күштер ардагерлері Республикалық қоғамдық қауымдастығының Қарағанды облыстық филиалының төрағасы, отставкадағы полковник Амангелді Жантасов және Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университетінің қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD докторы Биби Сыздықова бар.
6505, 5451, 5516 әскери бөлімдері арасындағы І кезең жеңімпаздары (облыстық ІІ кезеңге жолдама алғандар):
🥇 І орын:
6505 ә/б ефр. Әбдуәлі Мұхамедәлі Мұхамедхалиұлы (150 000 теңге) – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
🥈 ІІ орын:
6505 ә/б қ/ж Жумин Ермек Еркебұланұлы (100 000 теңге) – Солтүстік Қазақстан облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
🥉 ІІІ орын:
* 5451 ә/б қ/ж Сайлау Әлішер Сәкенұлы (70 000 теңге) – Шымкент қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
* 5516 ә/б қ/ж Дәуіт Асылхан Әбилхасымұлы (70 000 теңге) – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
* 5516 ә/б қ/ж Бейсенбай Диас Нұрланұлы (70 000 теңге) – Астана қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінен шақырту алған
Байқаудың І кезеңі 20 қазан күні сағат 10:00-де жалғасады. Сайысқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «Астана» өңірлік қолбасшылығының сарбаздары қатысады. Байқаудың ІІ – қорытынды кезеңі 20 қазан күні сағат 14:00-де өтеді. Іс-шара «Жаңа Майқұдық» мәдениет үйінде ұйымдастырылады.
#Патриотизм #Отансүйгіштік #РеспубликаКүні #25ҚазанРеспубликаКүні #ТұлпарМініпТуАлған #ҚарағандыОблысы #БөгенбайБатыр
2026 жылғы 16 қазанда Петропавл қаласында «Тіл – бірлік пен үйлесім негізі: жаңа дәуірдегі тіл саясаты» тақырыбында республикалық семинар ұйымдастырылды.
Семинарға Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Шалабаева Алма Қабыкенқызы мен Ресурстық тіл орталығының мамандары қатысты.
Семинар аясында қазақ тілінің ғылымдағы және цифрлық кеңістіктегі қолданысы, жасанды интеллект пен жаңа медианың тіл дамытудағы мүмкіндіктері, көрнекі ақпарат тілін біріздендіру және мемлекеттік тіл туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.
Бағдарламада тәжірибе алмасу алаңы мен оқыту семинарлары қамтылды. Сонымен қатар қазақ тіліндегі Уикипедия мақалаларын әзірлеу және орналастыру кезеңдеріне арналған тәжірибелік тренинг өткізілді.
#ТілСаясаты
#КөрнекіАқпарат
#МемлекеттікТіл
#ПетропавлҚаласы
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.
Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.
Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:
«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚ, «Сентрас Секьюритиз» АҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ. (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.
www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.
Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.
Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.
Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.
Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:
Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.
ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.
Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.
БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.
БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.
Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.
Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық байқауда Қарағанды облысының атынан қатысқан Береке Өмірзаққызы Жарылғапова жүлделі III орынға ие болды.
Береке Өмірзаққызын шын жүректен құттықтап, тіл майданы мен кәсіби жолында жаңа белестер, толағай табыстар тілейміз!
2026 жылғы 9 қазанда академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің Қазақ тілінің практикалық курсы кафедрасының ұйымдастыруымен «Академиялық жазуды оқытудағы заманауи тәжірибелер және қазақ тіліндегі ғылыми коммуникация» тақырыбында аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Семинардың негізгі мақсаты – жоғары білім беру жүйесінде академиялық жазуды оқытудың заманауи тәсілдерін талқылау, ғылыми коммуникацияны дамыту және қазақ тіліндегі академиялық тіл мәдениетін жетілдіру.
Іс-шара барысында жоғары білім берудегі академиялық жазу, ғылыми коммуникацияны дамытудың жаңа мүмкіндіктері, ғылым тілін дамыту жолдары қарастырылды.
Семинарға арнайы шақырылған Назарбаев университетінің профессоры Зейнехан Күзекова негізгі тақырып төңірегінде ойын ортаға салып, шетелдік ғалымдардың бұл бағыттағы еңбектерін таныстырды.
Сондай-ақ семинарға Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жақан Жұпар Рысқұлқызы қатысып, “Ғылыми коммуникация және тілмәдениеті” тақырыбында баяндама жасады.
Кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған бұл басқосу академиялық жазылымның өзекті мәселелерін талқылауға, ғылыми ойды сауатты жеткізу жолдарын саралауға және қазақ тіліндегі ғылыми коммуникацияның сапасын арттыруға мүмкіндік беретін игілікті іс-шара болды. Семинар жұмысына ЖОО ғалымдары мен колледж оқытушылары қатысты.
Шараға Қазақстан халық Кеңесінің мүшесі Наталья Дементьева, «Taldau AI Analytics» талдау орталығының директоры Максим Споткай, сондай-ақ Қазақстан халық Кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері, түрлі салада қызмет етіп жүрген этнос өкілдері, сала мамандары, әскерилер мен жастар қатысты.
Форумда мемлекеттік тілдің қоғамдағы орны, елге қызмет ету, ұлттық дәстүр мен рухани мұра мәселелері талқыланды. Соңында мемлекеттік тілді дамытуға үлес қосқан азаматтарға алғыс хаттар табысталды.
Марапаттарды Қарағанды облысының Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Шалабаева Алма Қабыкенқызы табыстады.
#Қарағанды #ҰлыДаланыңҰлтаралықТілі #МемлекеттікТіл #ДостықҮйі
«Алпамыс батыр» жырын жатқа айтудан өтетін облыстық байқауға 6 169 оқушы ниет білдіріп, 2 446 мұғалім атсалысуда.
🥇 І орын: 1 000 000 теңге және SDU University-дің журналистика факультетіне білім гранты
🥈 ІІ орын: 500 000 теңге
🥉 ІІІ орын: 250 000 теңге
🎓 Биыл оқ бойы озық шыққан дарынды сөз зергерлеріне SDU University білім гранты табысталмақ. QS World University Rankings 2025 рейтингіне енген, FIBAA тарапынан институционалдық аккредитациядан өткен беделді оқу орнында білім алу — жас таланттар үшін үлкен мүмкіндік әрі жаңа белестерге бастар жол.
🍀 Барлық қатысушыға сәттілік тілейміз!
📌 Дереккөз: @alibekaldeney
#АлпамысБатыр
#ТұлпарМініпТуАлған
#SDUUniversity
#БілімГранты
#Байқау
Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы 2026 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған мерзімдік тексеру жұмыстарын жалғастыруда.
Бұл жолы тексеру Қарағанды облысының туризм басқармасы мен Қарағанды облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында өтті.
Тексеру барысында мемлекеттік тілдің қолданыс аясы, іс қағаздарын жүргізу, көрнекі ақпарат пен ресми құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігі қаралды.
Тексеру қорытындысы бойынша анықталған кемшіліктерді жою және болашақта олардың қайталанбауы үшін тиісті ұсынымдар берілді.
Айта кетейік, 2026 жылдың екінші жартыжылдығында облыстағы 15 мемлекеттік мекемені тексерумен қамту жоспарланған.
#ҚарағандыОблысыныңТілдердіДамытуЖөніндегіБасқармасы
#РесмиІсҚағаздарынЖүргізу
#КөрнекіАқпарат
#ТуризмБасқармасы
#ЖолаушыларКөлігіЖәнеАвтомобильЖолдарыБасқармасы
Құрметті ұстаздар, төл мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, шабыт пен табыс, ал шәкірттеріңізге биік белестер тілейміз! 🌷