.«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасы

.«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасы

Қарағанды қаласында көрнекі ақпараттың жазылуына мониторинг жүргізу жүйелі назарда.«Көрнекі ақпарат пен жарнама тілін біріздендіру» әлеуметтік жобасы бойынша жұмыс тобының мүшесі Жанбота Елубаев @Zhanbotarahmetulla «Орбита» автоорталығындағы кәсіпкерлер арасында тіл және жарнама туралы заңнама талаптарын сақтау қажеттігі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Заңға сәйкес барлық көрнекі ақпарат (маңдайшалар, жарнама, нұсқағыштар және т.б.) міндетті түрде мемлекеттік тілде, одан кейін — басқа тілдерде ресімделуі тиіс.

Мониторинг барысында кейбір сауда орындарында көрнекі ақпараттың тек орыс тілінде орналастырылғаны, яғни мемлекеттік тілде ақпараттың жоқтығы анықталды. Бұл «Тіл туралы» ҚР Заңы талаптарының сақталмай отырғанын көрсетеді.

Тіл туралы заңнама талаптарын қайта бұзған жағдайда 5-тен 25 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделгенін есте сақтаған жөн («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодекстің 75-бабы).

#сауаттыжарнама

#til_qaragandy

#сауаттыкәсіпкер

#мемлекеттік