13 қаңтарда Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы жанындағы Ресурстық тіл орталығының ұйымдастыруымен және Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының ат салысуымен «Қазақ тілін оқытудағы жаттығу тапсырмаларының маңызы» атты тақырыпта онлайн семинар ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – қазақ тілін үйрету үрдісінде оқытудың әдістемесін жетілдіру үшін грамматиканы деңгейге сәйкес дұрыс жүйелеп берудің маңызын түсіндіруге бағытталды.
Аталмыш шараның бас спикері Назарбаев университетінің профессоры, ф.ғ.д. З.С. Күзекова, семинар барысында қазақ тілінің функционалдық өрісі тұрғысынан оқыту қажеттілігі кең көлемде жан-жақты түсіндірілді.
Қазақ тілін педагогикалық, функционалдық, грамматикалық белгілері бойынша жүйелеп оқытуды ұсынды.
Шара барысында, профессор З.С. Күзекованың қазақ тілін оқытуда қандай бағытты ұстанғанын, жаттығулардың берілу жолдары мен әдістемесін Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі Жұпар Рысқұлқызы жан-жақты таныстырып шықты.
Сондай-ақ, осы айтылғандарды онлайн семинарға қатысушылардың көзін жеткізу үшін Қызылорда облысының оқытушысы Әсел Манасқызы мен Ресурстық тіл орталығының әдіскері Әсия Даниярқызы практикалық тұрғыдан дәлелдеп көрсетті.
Онлайн семинардың негізгі контингенті Қарағанды және Қызылорда өңірінің мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының әдіскерлері мен оқытушылары, мектеп мұғалімдері, ЖОО оқытушылары болды.
Шара соңында, баяндамашыларға алғысхат беріліп, қатысушыларға сертификаттар табысталды.