Биылғы жылы облыс тұрғындарын тілдерді оқыту курстарымен қамту жоспары асыра орындалды (қазақ тіліне – 23 адам, ағылшын тіліне – 16 адам, орыс тіліне – 1 адам жоспардан тыс оқытылды). Алайда 2019 жылмен салыстырғанда, облыс тұрғындарын қазақ тілі курстарымен қамту 5,5%-ға кеміді, себебі 2019 жылы қалыпты оқытудан бөлек 75 адам Басқарма тарапынан қашықтықтан Skype арқылы оқытылған болатын. Ағылшын тілі курстарымен қамтылғандар саны өткен жылмен салыстырғанда 5,5%-ға, орыс тілі курстарына қамтылғандар саны 2,5%-ға артты.
3. Облыс аумағында 6 оқыту орталықтары (1-жеке меншік) жұмыс жасайды: олардың ішінде қазақ және ағылшын тілдерін барлығы оқытса, орыс тілін 1 орталық – «Теміртау қаласының тілдерді дамыту орталығы» КММ оқытады.