Қазақстан халқының тілдері күні және Славян жазбалары күніне орай мемлекеттік және ана тілдерін қолдау мақсатында облыста 47 шара (сайыс, дөңгелек үстел, байқау, челлендж, онлайн фестиваль және т.б.) онлайн форматта өткізілді, аталған шараларға 5600-ге жуық адам қамтылды. Олардың ішінде облыстық деңгейде Қарағанды облысы әкімінің «Тіл жанашыры» сыйлығын табыстау рәсімі карантиндік шектеу шараларына байланысты телевизиялық нұсқада өткізілсе, өңірлік деңгейде Балқаш, Приозерск, Теміртау, Шахтинск, Саран қалаларында, Осакаров, Бұқар жырау аудандарында Славян жазбалары мен мәдениеті күніне орай тіл оқыту орталықтарының қазақ тілі курстары тыңдаушыларын (20 адам) қамти отырып, Zoom платформасында онлайн негізде танымдық сағат, этно-мәдени бірлестіктермен бірлесіп, орыс ұлттық тағамдарын әзірлеу бойынша челлендж, шеберлік сыныбы, әдеби-театрландырылған қойылымдар өткізілді.
Сонымен қатар «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен:
3. А. Құнанбаевтың мерейтойына арналған ЭМБ өкілдерінің челленджі өткізілді.